ҚазРусEngQaz
Бізді назарда ұстаңыз

Билеттер сатылымға түсті!

7 мамырдан бастап қазақ күресінен өтетін республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің билеттері сатылымға түсті. 

Халықтың батасын алған бұл жоба осымен үшінші рет өткізілгелі отыр. 30 маусым күні «Сарыарқа» велотрегінде Астананың 15 жылдық мерейтойы аясында өткізілетін жобада еліміздің ең үздік балуандары бақ сынайды. 

«Қазақстан Барысы» турниріне үздік балуан ғана емес, көрермендер де көлік мініп қайтады. «Алтын белбеу» мен «Тайтұяқ» иегері анықталған соң, көрермендер арасында  4,5 миллион теңгеге бағаланатын Hyundai i30 автокөлігі ойнатылатын болады.  Темір тұлпардың иегері атану соншалықты қиын емес. «Қазақстан Барысының» финалдық сынына билет сатып алып, өз бағыңызға сенсеңіз болғаны! 

Көрермендерді автокөліктен өзге бағалы сыйлықтар күтіп тұр! 

Келіңіз, «Қазақстан Барысы» мен темір тұлпар иегерін бірге анықтайық! 

Билеттерді елордамыздағы кассалар мен «Меломан» дүкендер желісінен сатып алауға болады. Мекен жайын сайттан іздеңіз.