ҚазРусEngQaz
Бізді назарда ұстаңыз

Қазақстан Барысы

Жобаның міндеті: 

Бүгінге дейін Қазақ күресінің әртүрлі тармақтарынан біреуі ғана сақталған. Республикалық және халықаралық сайыстар қазақ күресінің сол түрі бойынша өткізіледі. Жобаның ең негізгі міндеті  - ұлттық күрестің дамуына ықпал етіп, қазақ күресін еліміздегі танымал спорт түрлерінің қатарына қосу. Төл күресімізді дамыту жолындағы инфрақұрылымды жақсартып, қазақ күресін спорттық ғылымның бір саласы ретінде зерттеуге жол ашу және ұлттық спортымызды жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу де бұл жобаның ең басты міндеттерінің бірі. 

Жобаның мақсаттары:  

Қазақстан Республиксының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері"  аталатын жолдауында қойылған талаптарды орындау

ұлттық күресті дамыту арқылы, елдегі салауатты өмір салтын насихаттау;

Жастарды ұлттық спортпен шұғылдануға шақыру арқылы, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру;

Қазақстан халықтарының достығын нығайту;

Ұлттық спортты бүкілхалықтық сипатта насихаттау; 

Жобаның орындалу тәртібі: 

"Қазақстан Барысы" турнирі 4 кезеңге созылады 

1 кезең. Алғашқы кезеңде қатысушылар санына  шектеу қойылмайды.  Еліміздің әрбір ауылындағы талапкер балуандар бұл айналымда бақ сынай алады.

2 кезең. Екінші кезеңде бірінші айналымда жеңімпаз атанған балуандар аудан көлеміндегі іріктеу сынынан өтеді.

3 кезең. Облыстық кезеңдер Қазақстанның әрбір облысы мен республикалық маңызы бар екі қалада өтеді. Бұл кезеңде әрбір облысқа қарасты аудандардан  4  балуаннан қатысады. Әр облыстан жеңіп шыққан 2 балуан мен Алматы және Астана қалаларында жеңімпаз атанған балуандар финалдық кезеңге жолдама алады. 

Кезеңдер арасында бүкілреспубликалық жиындар мен жобаның финалына қатысқан үздік балуандардың шеберлік сабағы өткізіледі. 

4 кезең. «Қазақстан Барысы» жобасының жеңімпазын анықтайтын финалдық сын Астана қаласындағы "Сарыарқа" велотрегінде өтеді.

Биыл турнирдің финалдық кезеңі 30 маусым күні Астана қаласының 15 жылдық мерейтойымен орайластырылып өтеді.

Серіктес

Серіктес

STADA Arzneimittel AG тобы

Демеуші

Демеуші

Алғашқы ауыз суы A’SU (RG Brands, Қазақстан)

Ресми демеуші (автокөлік)

Ресми демеуші (автокөлік)

Астана Моторс «Hyundai» сауда белгісімен

Бас
Демеуші

Бас Демеуші

АҚ «ҰӘҚ «Самұрық-Қазына»

Демеуші

Демеуші

АҚ «SAT & Company»

Демеуші

Демеуші

Wellness-club «LUXOR»

Серіктес

Серіктес

АҚ «Казахтелеком»

Серіктес

Серіктес

Холдинг «BI Group»

Демеуші

Демеуші

«Sulpak» компаниясы

1 2 3 4 5 6 7 8 9
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУШЫЛАР
Ұйымдастырушылар