Жас Барыс
Жоба туралы
Қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы – ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін кадеттер (1998-1999 ж.т.), жасөспірімдер (1996-1997 ж. т.) және жастар (1994-1995 ж.т.) арасында өткізілетін республикалық турнир. «Қазақстан Барысы» турнирінің негізгі бөлігі саналатын бұл жобаның басты мақсаты – қазақ күресінің дамуына ықпал ету.
Мақсаты:
- ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын жолдауында қойылған талаптарды орындау;
- ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын ұстануға шақыру;
- кадеттер, жасөспірімдер және жастар арасындағы дене шынықтыру мен спортты дамыту;
- жастарды ұлттық күреске баулу арқылы Отансүйгіштік қасиетін арттыру, ұлттық спортты бұқараға кеңінен тарату;
- қазақстан халықтарының бірлігі мен достығын сақтау.
Жобаны жүзеге асыру жоспары:
«Жас Барыс» турнирі 3 жас ерекшелігіне қарай өткізіледі:
- кадеттер – 1998-1999 жылы туған балуандар
- жасөспірімдер – 1996-1997 жылы туған балуандар
- жастар – 1994-1995 жылы туған балуандар
Салмақ дәрежелері:
- кадеттер – 9 салмақ дәрежесі (38 келіге дейін, 46 келіге дейін, 48 келіге дейін, 50 келіге дейін, 55 келіге дейін,60 келіге дейін, 66 келіге дейін, 76 келіге дейін, 76 келіден жоғары )
- жасөспірімдер – 7 салмақ дәрежесі (46 келіге дейін, 51 келіге дейін, 64 келіге дейінғ 72 келіге дейін, 81 келіге дейін, 81 келіден жоғары)
- жастар – 6 салмақ дәрежесі (46 келіге дейін, 51 келіге дейін, 64 келіге дейін, 72 келіге дейін, 81 келіге дейін, 81 келіден жоғары )
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:
1 кезең. Бастапқы кезеңде ауыл аймақтағы балуандар бақ сынайды. Спортшылар санына шектеу қойылмайды.
2 кезең. Екінші кезең бірінші айналымды үздік атанған балуандардың қатысуымен аудан көлемінде өтеді.
3 кезең. Облыстық кезең еліміздің барлық облысы мен республикалық маңызы бар екі қалада өтеді. Бұл кезеңде ауданда әр салмақта үздік шыққан балуандар белдеседі. Осы кезеңде финалға жолдама алған балуандар анықталады.
4 кезең. Финалдық кезең Қызылорда қаласында өтіп, «Жас Барыс» атағын иеленгендер анықталады.
Серіктес |
STADA Arzneimittel AG тобы |
Демеуші |
Алғашқы ауыз суы A’SU (RG Brands, Қазақстан) |
Ресми демеуші (автокөлік) |
Астана Моторс «Hyundai» сауда белгісімен |
Бас |
АҚ «ҰӘҚ «Самұрық-Қазына» |
Демеуші |
АҚ «SAT & Company» |
Демеуші |
Wellness-club «LUXOR» |
Серіктес |
АҚ «Казахтелеком» |
Серіктес |
Холдинг «BI Group» |
Демеуші |
«Sulpak» компаниясы |
