ҚазРусEngQaz
Бізді назарда ұстаңыз

Демеушілер

Бас демеуші 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

 
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қ аулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.
 
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.
 
Ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару Қордың негізгі мақсаты болып табылады.
 
 
Демеуші 
АО «SAT & Company»
 
 
Компания нарықтағы капитал мөлшерін көбейту мақсатында ТМД аумағындағы 30 ірі металлургиялық холдингтер қатарына кіруге талпынуда. Осы мақсатты орындау үшін, «SAT & Company» АҚ төмендегі мәселелерді жүзеге асырады:
    • Экономиканың ең басты салалары: металлургия мен тау кен ісі бойынша өнімді еңбек ету;
    • Жаңа кәсіпорындардың тұсауын кесіп, өндірістің қуаттылығын арттыруға үлес қосу;
    • Топ активтерінің өтімділігін қамтамасыз етіп, жоғарғы нарық капиталына жол тартып, акциялардың бақыланбайтын пакетін сату арқылы капитализацияны арттыру.
«SAT & Company» АҚ міндеті – бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды арттыру, ұзақ мерзімді экономикалық дамуға әсер ету, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, табиғат өнімдерін оңтайлы пайдалану арқылы Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосу болып табылады.  
 
 
Турнирдің ресми көлік демеушісі:

Astana Motors «Hyundai» сауда белгісімен

 
Astana Motors – автомобильдерді сату мен сервистік қызмет көрсету саласындағы Қазақстандағы тұңғыш компания. Компанияның мақсаты – тұтынушыларға автокөлік таңдауда және қызмет көрсетуде жақсы жағдай жасау. Біз тұтынушыларымыздың сенімін барынша қанағаттандыру үшін жоғары сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз. HYUNDAI – Жаңаша ойлау. Жаңа мүмкіндіктер
Hyundai Auto Almaty
Автосалон ресми түрде 2004 жылы ашылды. Кең ауқымды, hi-tech стилінде жасалынған, 1000 шаршы метрді қамтитын Оңтүстік Кореялық автоөндірушінің көліктер топтамасы ұсынылған.
 
 
Серіктес   
«Қазақтелеком» АҚ
ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ – Қазақстан Республикасындағы ірі телекоммуникациондық байланыс операторы бола тұра, ол Топ ҚР инфокоммуникациясының әлеуметтік маңызды саласының жағдайының жақсаруына елеулі ықпал етеді және қоғам алдында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті (КӘЖ) арқалайды. ҚР экономикасын жаңғырту және әртараптандыру стратегиялық бағыттын жүзеге асыру үшін «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалғандай, Топ Қазақстандық қамтуды дамытуға көмегін тигізеді. Әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар мәселелерді орындауы Топтың ҚР мемлекеттік органдарымен тиімді қызметтес болуына мүмкіндік береді, қорытындысында негізгі нарықта Топтың нығайып және басты ұстанымын жасақтауына үлесін тигізеді.
 
 
Серіктес
STADA Arzneimittel AG тобы
 
 
STADA Arzneimittel AG тобы халықаралық фармацевтикалық компания, дженериктер өндірушілер арасындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. STADA патенттік қорғаудан шыққан API негізіндегі брендті және брендті емес фармацевтикалық препараттардан құрастырылады. Бұл таңдаулы стратегия STADA-ға өз тұтынушыларына сапалы, тиімді дәрі-дәрмектерді арзан бағаға ұсынуға мүмкіндік береді.
STADA 1895 жылы Дрезден (Германия) қаласында құрылған. STADA атауы қысқарма сөз болып табылады (Standard Arzneimittel die Deutscher Apotheke) және «Неміс дәріханалары препараттарының стандарты» деген мағынаны білдіреді.
STADA-ның өндіруші алаңдары көптеген тексерушілер дәлелдегендей толығымен халықаралық сапа GMP (Good Manufacturing Practice) стандартына сай келеді. GMP-тің талаптарын мүлтіксіз сақтау, жоғары технологиялы өндіру, білікті қызметкерлер құрамы – сапаның жақсы кепілдемесі, STADA препараттарының тиімділігі және қауіпсіздігі.
Басқарма директоры: Ержан Сәрсембаев.
 
 
Демеуші 
Wellness-club «LUXOR»
 
 
LUXOR – өз клиенттеріне спорттық сауықтыру кешенінің барлық түрін: эстетикалық, косметологиялық және медициналық қызмет көрсете алатын Орталық Азиядағы жалғыз Веллнес-клуб. Алматыдағы экологиялық таза және әдемі аймақта орналасқан LUXOR кешені 12 000 кв метр жерді алып жатыр.
Авторлар ойлап тапқан ғажайып архитектуралық нысан мен керемет инфрақұрылым сіздің демалысты жақсы өткізуіңізге көмектеседі.
 
 
Демеуші 
ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын иеленген алғашқы ауыз су өнімі A’SU (RG Brands, Қазақстан)
 
www.brands.kz 
 
RG BRANDS — Қазақстан мен Орта Азия нарығындағы сусындар мен тамақ өнімдерінің секторындағы көшбасшы компаниялардың бірі. Компания «Resmi» компаниясы тобының мүшесі болып табылады.
 
RG Brands компаниясының амалдар жүйесі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы 5 өндірістік алаңдарды, 2 логистикалық орталықты және 12 сауда филиалдарын қамтиды.
A’SU заманауи жабдықтарда өндіріледі.
 
Мөлдір заттаңбасы мен шөлмегінің ерекше пішіні оның сырт келбетін тартымды да танымал етеді. A’SU өндірушісі өнімінің жоғары сапасы үшін Қазақстан Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын иеленді. A’SU толық қанды өмір сүретін белсенді адамдарға арналған. A’SU нарықта өзінің орнын тауып, әлі де озаттықа ұмтылуда.
 
 
Серіктес   
«BI Group» холдингі
 
BI Group -  ірі инвестициялық-құрылыс холдинг, әрі Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы танымал көшбасшы. Компания  1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді, осы уақыт ішінде өз ісінің кәсіпқойы әрі сенімді серіктес ретінде абыройға ие болды. Бүгінде BI Group холдингі – құрамында құрылыстың әртүрлі саласында еңбек ететін бірнеше дивизиондары бар көпсалалы компания болып табылады.
 
Бұл тек қана тұрғын үй және коммерциялық ғимараттарды салу мен девелопмент қана емес, сонымен қатар нысандарды басқару мен пайдалану, сондай-ақ аймақтық және трансұлттық маңызға ие жолдары салу, өнеркәсіптік нысандардың құрылысы, құрылыс материалдарын өндіру.
 
BI Group холдингі өз алдына стратегиялық мақсат қойған, ол– республикада ғана емес, шетелдерде де көшбасшылық позициясын ұстанатын 100 халықаралық топ қатарына ену. Қай кезде болса да, компанияның миссиясы өзгеріссіз қалады, ол -  «Біз өз клиенттеріміздің өмір сүру сапасын жақсартамыз».
 
 
Демеуші 
«Sulpak» компаниясы
 
Sulpak - Қазақстандағы ең ірі сауда компанияларының бірі, тұрмыстық техника мен электроника сатуда алдыңғы қатарда тұрған сауда ұйымы.
 
Sulpak әлемдегі алдыңғы қатарлы электроника өндіруші компаниялардың ресми дистрибьюторы саналады. Ұзақ жылдарға созылған әріптестіктің арқасында, компания жоғары сапалы техниканы Sulpak дүкендерінде қолжетімді бағамен сатуға мүмкіндік алды.
 
Бүгінде Sulpak компаниясы Қазақстандағы тұрмыстық техника мен электроника тауарларын сататын ірі дүкендер желісіне айналды. Қазақстанның ірілі-ұсақты 23 қаласында компанияның 57 дүкені бар. Атап айтар болсақ, Алматы, Астана, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Ақтау, Орал және т.б. қалаларда Sulpak дүкендері жұмыс істеуде.
 
Компания сіз сатып алған әрбір тауардың игілігіңізге қызмет етуіне тілектес және сатып алушылар қатарының көбейгені үшін қуанышты!

Серіктес

Серіктес

STADA Arzneimittel AG тобы

Демеуші

Демеуші

Алғашқы ауыз суы A’SU (RG Brands, Қазақстан)

Ресми демеуші (автокөлік)

Ресми демеуші (автокөлік)

Астана Моторс «Hyundai» сауда белгісімен

Бас
Демеуші

Бас Демеуші

АҚ «ҰӘҚ «Самұрық-Қазына»

Демеуші

Демеуші

АҚ «SAT & Company»

Демеуші

Демеуші

Wellness-club «LUXOR»

Серіктес

Серіктес

АҚ «Казахтелеком»

Серіктес

Серіктес

Холдинг «BI Group»

Демеуші

Демеуші

«Sulpak» компаниясы

1 2 3 4 5 6 7 8 9
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУШЫЛАР
Ұйымдастырушылар