ҚазРусEngQaz
Бізді назарда ұстаңыз

"Eurasia Barysy" турнирінде 60 балуан қатысады!

        Жақында ғана Павлодар қаласында қазақ күресінен тұңғыш рет өткен «Әлем Барысы» халықаралық турниріне әлемнің 32 елінен ең мықты 32 балуан келді. Олардың қатарында жақында «Eurasia Barysy» халықаралық турниріне қатысатын өзбек балуаны Махмуджан Юсупов және тәжік балуаны Дадахон Курбоналиев те болды.

        Тараз қаласында өтетін ІІ «Eurasia Barysy» халықаралық турниріне 12 елдің атынан 60 балуан қатысады. Бұл турнирде Қазақстан намысын мына балуандар қорғайды:

1. 60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын Абзал Арыстанбеков қорғайды. Қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (2013 ж.), Қазақ күресінен Әлем чемпионы (2013 ж.), Қазақ күресінен Азия чемпионы (2014 ж.);

2. 70 келі салмақ дәрежесінде ел намысын дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионы (2012 ж.), дзюдодан Еуропа кубогының қола жүлдегері (2012 ж.), дзюдодан жастар арасында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013 ж.) Қайрат Ағыбаев қорғайды.

3. 80 келі салмақ дәрежесінде ел намысын 2013 жылы қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, 2013 жылы қазақ күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2014 жылы «Қазақстан Барысында» төртінші орын алған, 2014 жылы дзюдодан Қазақстан чемпионы атанған Дәулетхан Жақыпов қорғайды.

4. 90 келші салмақ дәрежесінде ел намысын 2011 жылы қазақ күресінен Әлем кубогының жеңімпазы, 2013 жылы қазақ күресінен Әлем чемпионы, 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» атанған Мұхит Тұрсынов қорғайды.

5. 90 келіден жоғары салмақта ел намысын қазақ күресінен екі дүркін Азия чемпионы (2011, 2014 жж.), қазақ күресінен екі дүркін Әлем чемпионы (2011, 2013 жж.), 2013 жылғы «Қазақстан Барысы», 2014 жылы «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің вице-чемпионы атанған Айбек Нұғымаров қорғайды.

Толық ақпаратты мынау жерден көріңіз.