ҚазРусEngQaz
Бізді назарда ұстаңыз

Салмақ өлшеу рәсіміне шақырамыз!

  Бүгін «Хан Шатыр» ойын-сауық және сауда орталығында «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық сынына қатысатын балуандардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

Салмақ өлшеу рәсіміне финалда белдесетін 28 балуан қатысады. Олардың арасында 2012 жылғы «Қазақстан Барысы» Бейбіт Ыстыбаев, 2013 жылғы жоба жеңімпазы Айбек Нұғымаров, турнирдің күміс және қола жүлдегері Шалқар Жоламанов бар.

Салтанатты шарада «Алдаспан» тобы өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік,  турнирдегі ең салмағы ауыр балуан Жұманазар Ерсұлтанов болса, ең жеңіл балуандар Рүстем Бөрбаев пен Леонид Станеев.