ҚазРусEngQaz
Бізді назарда ұстаңыз

«Қазақстан Барысы» «Боец» арнасының тікелей эфирінде

 «Қазақстан Барысы» турнирiн тамашалауға барша әлемге тарайтын «Боец» арнасының директоры Сергей Завилейский келмек.

Бұл туралы бүгiн жоба авторы Арман Шораев мәлiм еттi.

«Бiзге әлемнiң ең iрi спорт телеарналарының бiрi саналатын «Боец» арнасының директоры Сергей Завилейский келедi. Ол - бiздiң ескi досымыз. Сонымен қатар, бiз өзге де халықаралық меймандарды күтудемiз. Каратэ-додан танымал окинавалық сэнсей Морио Хигаонна (10-шы дан) қонаққа келеді деген жоспар бар. Әдетте оның артынан 30-40 жапондық тiлшi ерiп жүредi», - дейдi А. Шораев.

Оның айтуынша, «Боец» арнасы турнирдi тiкелей эфирде көрсететiн болады. Қазақстандық арналардан KAZSport трансляция жасамақ.

 Айта кетейiк, 2011 жылдан берi өткiзiлiп келе жатқан ұлттық жоба халықтың сүйiктi турнирлердiң бiрiне айналды. Былтыр доданың жеңiмпазы болып Шығыс Қазақстан облысының өкiлi Айбек Нұғымаров атанған болатын. Биыл турнирдiң бас жүлдесiне 28 палуан таласады деп күтiлуде.

inform.kz