ҚазРусEngQaz
Бізді назарда ұстаңыз

БИЛЕТТЕР САТЫЛЫМҒА ТҮСТІ

29 маусым күні қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы  - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық бәсекесі өтеді. Төл күресімізден осымен 4-і рет ұйымдастырылатын додаға жыл сайын 8 миллионға жуық жанкүйер қызығушылық танытады.

Жылдың ең айтулы спорттық  оқиғасы Астана қаласының туған күніне орай өтетін түрлі мерекелік іс-шаралардың бастамасы болмақ.

Ал «Қазақстан Барысы» турнирінде «Алтын белбеу» мен «Тайтұяқтың» ғана емес, Hyundai Elantra автокөлігінің иесі де анықталады. Су жаңа көлікті ұтып алғыңыз келсе, бағасы 1000/3000/5000 теңге тұратын билеттерді сатып алыңыз!

Көрермендерді темір тұлпардан бөлек түрлі тосын сый күтуде. Әрине, ең басты тартыс кілемде өтеді. Биыл кім топ жарып, чемпион атанар екен? Мұның жауабын 29 маусым  күні білетін боламыз!

Батырыңды қолдауға кел де, көлік ұтып ал!

Еліміздегі ең үздік жобаның демеушілері мен серіктестері: «Самұрық - Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ, «KaspiBank»,  SAT & Company» АҚ, Astana Motors «Hyundai», сауда белгісімен, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ, «ПетроҚазақстан», A’SU ауыз суы, «Sulpak» компаниясы, «Daco Motors kz» «Yokohama» сауда белгісімен.