ҚазРусEngQaz
Бізді назарда ұстаңыз

Қазақ балуандары "Еуразия Барысы" атанды!

Қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп келген қос құрама жанкүйерлерге нағыз делебені қоздыратын кездесу тарту етті.

Алғашқы болып жеңіл салмақта 60 келіде отандасымыз Абзал Арыстанбеков Ганболд Херленмен кездесті. Кездесудің орта белінен асқанда әккі қарсыласын таза жеңді.

Есеп 1:0

70 келіде моңғолдық Санжаасурен Мияргашамен кездескен Ерлан Естек екі бірдей жартылай жеңіс ұпайымен қарсыласын қапыда қалдыры.

Екеуі де әлем және Азия чемпионы. Алайда бұл бәсекеде отандасымыздың бағы жанды.

Есеп 2:0

80 келіде Ған Тувшинжаргал (моңғол) біздің Ерсін Мұхамеджановпен кездесіп, оңай шағылар жаңғақ еместігін баршасына байқатты. Бес минутта бірін бірі ала алмаған еді. Қосымша қоян-қолтық белдесуде Ерсін қарсыласын алып ұрып, жанкүйерлерді серпілтіп, бойына сенімділік ұялатты!

Есеп 3:0

90 келі салмақта моңғол атынан сынға түсіп отырған қандасымыз Серік Бәйкемұрат Мұхит Тұрсыновпен белдесті. Кілемге көтерілген қос қазақ мықтылығын көрсетіп, алыспай беріспейтіндігін кездесу басында-ақ аңғартты. Дегенмен ұпай айырмашылығымен (бүк) Мұхит Тұрсынов Қазақстан құрамасының 4-ші жеңісіне қол жеткізген. Дегенмен Мұхит Моңғолиядан келген қандас бауыры Серікке жеңісті сыйлады.

Есеп 3:1

+90 келіде салмағы 180 келі, бойы 194 см алып балуаны Сугардж Қазақстанның былтырғы Барысы, еліміздің 18 дүркін түйе балуаны Бейбіт Ыстыбаймен жолықты. Ертеректе бір мәрте жолығып, ұпай санымен Бейбіт жеңіп кеткен болатын. Бұл отандасымыз, апайтөс балуанымыз таза жеңіске жетт! Жеңіс Бейбітте! Қазақстан құрамасы "Еуразия Барысы" !

Қорытынды есеп 4:1!


Қазақстан "Еуразия Барысы" халықаралық турнирінің жеңімпазы!!!