ҚазРусEngQaz
Бізді назарда ұстаңыз

АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУ: ҚАЗАҚСТАН V/S ИРАН 5:0

 Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі театрландырылған көрініспен басталды. Одан соң жарысқа қатысушылар шеруі болып, кілемге сегіз елдің балуандары көтерілді. Халықаралық турнирдің бас төрешісі Марат Жақыт төрешілер құрамын бастап шықты. Төрешілер қатарында жарысқа қатысушы жеті мемлекеттің де өкілдері бар.

 
"Қазақстан Барысы" турнирі жобасының авторы Арман Шораев, Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.  Облыс басшысы Қанат Алдабергенұлы: -Шетелден келген қонақтар, қош келдіңіздер. Жамбыл жерінен талай талантты балуандар шыққан. Бүгінгі "Еуразия Барысы" турнирі "Әлем Барысы" додасына ұлассын, - деЙ келе жарысты ашық деп жариялады.  

Жеребе тарту рәсімі. (нөмірмен)
 
Моңғол құрамасы - №4
Ресей - №6
Қазақстан - №5
Польша - №3
Қытай - №2
Тәжікстан - №7
Иран - №1
Түркия - №8
 
Қарсыластар:
1 - 5
2 - 6 
3 - 7 
4 - 8
 
Иран құрамасы: 
 
60 келі – Сохбанберді Сафари. Қазақ күресі мен қырғыздың «алыш» күресінен Иран  біріншілігінің жеңімпазы.
 
70 келі – Хамид Мирзаи. Қазақ күресінен Иран чемпионы және Азия біріншілігінің күміс жүдегері.
 
80 келі – Мехди Вазари.
 
90 келі – Жафар Юнеси Бордж. Қазақ күресінен Иран чемпионы. 
 
+90 келі – Насыр Сахраи Доулатхане.
 
Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар:
 
60 келі: Абзал Арыстанбеков
70 келі: Ерлан Естек
80 келі: Ерсін Мұхамеджанов
90 келі: Мұхит Тұрсынов
 +90 келі: Бейбіт Ыстыбаев
 
60 келіде Абзал Арыстанбеков 23 секундта қарсыласы Иран балуаны Сафариді таза жеңді.
 
Ал 70 келі салмақта отандасымыз Ерлан Естек те Хамид Мирзайды айқын жеңді.
 
80 келі салмақ дәрежесінде Ерсін Мұхамеджанов Мехди Вазаримен кездесіп, 3 минуттан аса уақытқа созылған белдесуде отандасымыз жеңіске жетті. Есеп 3:0.
 
Ал 90 келіге дейінгі салмақта қазақ күресінен харықаралық дәрежедегі споорт шебері, әлем Кубогінің иегері Мұхит Тұрсынов қазақ күресінен Иран чемпионы Жафар Юнеси Борджбен жолығып, отандасымыз белді қарсыласын таза жеді.
 
Аса ауыр салмақта былтырғы "Қазақстан Барысы", "Тараз арланы" Бейбіт Ытыбай Насыр Сахраиды тартысты өткен белдесуде жеңіске жетті. Жалпы есеп 5:0. Алда Қазақстан құрамасы!!