ҚазРусEngQaz
Бізді назарда ұстаңыз

Мықтылармен мақтанатын Моңғолия

Жекпе-жек түрлеріндегі толағай табысымен мақтанатын Моңғолия құрамасы да «Eurasia Barysy» додасына қатысатын бес балуанды анықтады.

 

60 келі салмақтағы талантты балуан Ганболд Херлен дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ганболд еліміздегі беткеұстар дзюдошылардың бірі Еркебұлан Қосаевты қазан айында Ташкентте өткен «Гран-При» турнирінде жеңіп кетті. Бейжіңде өткен  соңғы «Гран-При» бәсекесінде Херлен күміс жүлдегер атанды. Егер осы қарқынмен жалғастыра берсе, оның Рио Олимпиадасына қатысатыны сөзсіз. Сондықтан, Ганболдты «Eurasia Barysy» додасындағы үздік спортшылар қатарына жатқызамыз.

 

70 келіде Санжаасурен Миярагша сынға түседі. Бұл балуанды Алматы жанкүйері жақсы таниды. Өйткені, Алатау баурайында ол дзюдодан кезекті жеңістерінің бірін тойлаған болатын.

 

80 келіде Моңғолия намысын Ган Тувшинжаргал, 90 келіде Серік Бәйкемұрат қорғайды. Серік биыл Шымкентте өткен Қажымұқан Мұңайтпасовтың 140 жылдығына арналған чемпион атанған таланатты спортшылардың бірі.

 

Аса ауыр салмақта сынға түсетін Сугаржардал Болдпуревтің салмағы 180 келі, бойы 194 сантиметр! Салмағының ауырлығына қарамастан ол өте жылдам қимылдайды, сондай-ақ, тәжірибесі де мол. Моңғол алыбы Қазанда өткен Бүкіләлемдік Универсиаданың чемпионы атанды. Белбеу  күресінен өткен ақтық сында ол Украина балуаны Александр Гордиенконы 2:1 есебімен тізе бүктірген. Ұлан-Батырда өткен дзюдодан «Гран-При» бәсекесінде  Болдпурев қола жүлдені қанжығасына байлады.

 

Мінеки, Тараз төрінде айқасатын Моңғолия балуандарының тізімі осындай.

 

 

Моңғол балуандарының қатысуымен өткен бейнесюжеттерді мына сілтелемелер арқылы тамашалай аласыздар: http://www.youtube.com/watch?v=x2ymCWmljiU, http://www.youtube.com/watch?v=haXY7gIu5Yg, http://www.youtube.com/watch?v=4YemUI7E9Nc.