Шығыс балуандары алда тұр

Қазақстан Барысы
02-07-2021 11:35
«Қазақстан Барысы» турнирінің өтуіне де санаулы күндер қалды. Биыл бесінші рет жалауын көтергелі отырған алыптар бәсекесіне еліміздің 33 балуаны қатысады. 32 балуан әр облыстан іріктеліп шықты. Ал, былтырғы турнирде жеңімпаз атанған шығысқазақстандық Мұхит Тұрсынов жарысқа іріктеусіз шығады

«Қазақстан барысы» турнирінің биылғы іріктеу кезеңі еліміздің әр аймағында жүргізілді. Наурыз айынан басталған іріктеу сайысы үш кезеңге созылып, мамыр айында әрбір аймақтың үздік деген екі балуаны финалдық сайысқа жолдама алды. Содан бері балуандар айтулы доданың қарсаңында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, дайындықтарын пысықтады.

Биылғы «Қазақстан Барысына» қатысатын 33 балуанның 16-сы бұған дейінгі сайыстарда өнер көрсетті. Оның ішінде турнирге үзбей қатысып келе жатқан үш балуан бар. Олар – 2012 жылғы «Қазақстан Барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев (Жамбыл обл.), 2013 жылғы «Қазақстан Барысы» Айбек Нұғмаров (ШҚО) және Ақмола облысының алыбы Нұрлан Жамалов. Осы үш балуан 2011 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан турнирден бірде-бір рет қалған емес. Яғни, бұлар биыл бесінші рет белдеседі. Ал, Мұхит Тұрсынов (ШҚО), Максим Гербер (Қостанай обл.), Ғани Сейділдаев (Астана қ.) және Рүстем Жұмаев (СҚО) «Қазақстан Барысы» турнирінде төртінші рет бақтарын сынамақ.

2011 жылдан бері өткізіліп келе жатқан турнирге көз жүгіртер болсақ, Шығыс Қазақстан облысының балуандары өзгелерден оқ бойы озық тұр. Нақтырақ айтсақ, шығысқазақстандықтар осыған дейін бес жүлденің иесі атанды. Оның екеуі бас жүлде. Жалпы соңғы екі жылдағы турнирдің финалы Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облысының балуандарының текетіресімен өтті.  2013 жылғы финалда шығысқазақстандық Айбек Нұғымаров қарағандылық Ержан Шынкеевтің жауырынын жерге тигізсе, былтыр шығыстың тағы бір балуаны Мұхит Тұрсынов Қарағандыдан келген Асыл Бәрменовтен айласын асырып кетті.

 

Турнирдің төртжылдық тарихында еліміздің бес облысының балуандарына жүлде тиді:

ШҚО – 2 алтын белбеу, 1 күміс белбеу, 2 қола белбеу;

Жамбыл обл. – 1 алтын белбеу, 1 күміс белбеу;

Қызылорда обл. – 1 алтын белбеу, 1 қола белбеу;

Қарағанды обл. – 2 күміс белбеу;

ОҚО – 1 қола белбеу;


Последние новости

Қазақстан Барысы
02-07-2021 04:13
Қазақстан Барысы
08-07-2021 12:43