Федерация кубогы финалының алғашқы айналымы аяқталды

Қазақ күресі
05-12-2021 02:04
Тараз қаласында ҚР қазақ күресі федерациясы кубогының финалдық кезеңі өтуде. Еліміз бойынша бұл бәсеке клубтық командалар арасында алғаш рет өтіп отыр. Жалпы жүлде қоры 20 млн. теңгені құрайтын сынның финалдық кезеңіне іріктеуден өткен сегіз команда бақ сынасып жатыр. Олардың барлығына ақшалай сыйлықтар табыс етіледі.
5-желтоқсан күнгі финалдық сынның алғаш айналымында Жамбыл облысының қазақ күрес клубы қызылордалық «Алаш арландары» клубымен жолы түйісіп, 3:5 есебімен есе жіберді.

Өз кезегінде Алматы қалалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің командасы Оңтүстік Қазақстан облысының балуандарымен кездесіп, 6:2 есебімен басым түсті.

Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің командасы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы спорт мектебі командасымен өзара мықтыны анықтады. Кездесу нәтижесінде 4:4 есебімен Тарбағатай құрамасы келесі кезеңге жолдама алды (Таза жеңістің сапасы бойынша Тарбағатай командасы келесі кезеңге өтті).

Алматы облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің командасы Семей мемлекеттік медицина университетінің командасымен кездесті. Айқын басымдық танытқан ... есебімен жартылай финалға жолдама алды.

Алғашқы айналымдағы жалпы кездесудердің нәтижесі төмендегідей:

Жамбыл облысының қазақ күресі клубы - «Алаш арландары» (Қызылорда облысы): 3:5

55 келі: Абылайхан Кеулімжай — Бауыржан Райысов : 0:1
60 келі: Жеңіс Сайлаубай — Дархан Сержанов : 0:2
66 келі: Нұрдаулет Ораз — Ерлан Жақсыбеков : 0:3
74 келі:Әлмұхан Орынбаев- Ғалымжан Әбдірахманов: 1:3
82 келі:Даулет Пахриденов — Жайдарбай Есенов : 2:3
90келі: Айбол Айтбек - Мақсат Исағабылов: 3:3
100 келі: Айдос Теңгебаев - Нұрым Сәлімгереев: 3:4
+100 келі: Бейбіт Ыстыбаев – Еламан Ерғалиев: 3:5

Алматы қаласы ЖСШМ – ОҚО ЖСШМ: 6:2

55 келі: Марат Нигматуллаев - Ақтөре Жайылбек: 1:0
60 келі: Ғұсман Қырғызбаев — Қасымхан Төленбай : 2:0
66 келі: Ғұмар Қырғызбаев - Мейіржан Қалтаев: 3:0
74 келі: Аманкелді Төлемісов - Бақытжан Барбанов: 4:0
82 келі: Елдар Нәсиев - Әл-Фараби Бекқұлы: 5:0
90 келі: Әлімжан Жұмахметов - Әділжан Ыстыбаев: 5:1
100 келі: Виктор Демьяненко - Қайсар Шамшидинов: 6:1
+100 келі: Бақыт Ысмағұлов - Жұманазар Ерсұлтанов: 6:2

Қарағанды облысы, ЖСШМ – ШҚО, Тарбағатай ауданы: 4:4 ( Таза жеңістің сапасы бойынша Тарбағатай командасы келесі кезеңге өтті)

55 келі: Нариман Тұтқышев – Жандос Ғизат: 0:1
60 келі: Медет Бозов – Еркебұлан Қосаев: 0:2
66 келі: Медет Адыханов – Сұлтан Бейбарыс Сүлейменов: 1:2
74 келі: Қайрат Ағыбаев – Қуаныш Мұратов: 2:2
82 келі: Ғалымов Айдос – Елдар Зәріпханов: 3:2
90 келі: Бекзат Ахметбеков – Мақсат Мәзібаев: 3:3
100 келі: Асыл Барменов – Мереке Тұрашев: 4:3
+ 100 келі: балуан жоқ – Әділ Оразбаев: 4:4

Алматы облысы, ЖСШМ – Семей мемлекеттік медицина университеті: 2:6

55 келі: Мейірлан Рамазанов – Айдос Сейпілұлы: 0:1
60 келі: Амангелді Сатыбалдинов – Қуаныш Ысқақов: 1:1
66 келі: Әбілқайыр Мәуленин – Төлеген Нұрғалиев: 2:1
74 келі: Ғайнолла Есенғалиев – Елдар Бейсембаев: 2:2
82келі: Тоқтар Қарқатеров – Ерасыл Қайырбек: 2:3
90 келі: Жігер Сәкенұлы – Әсет Ахметжанов: 2:4
100 келі: Александр Касачев – Мұхит Тұрсынов: 2:5
+ 100 келі: Айдос Қаңлыбаев – Айбек Нұғымаров: 2:6

Последние новости

Қазақстан Барысы
04-04-2022 12:00
Қазақстан Барысы
08-04-2022 06:07
Қазақстан Барысы
01-04-2022 12:00