Календарь

Алматы облысындағы іріктеу жарыстарының 3 кезеңі аяқталды

Қазақстан Барысы
29-04-2021 10:36
29 сәуір күні Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен « Қазақстан Барысы» республикалық V турниріне Алматы облысындағы іріктеу жарыстарының 3 кезеңі аяқталды.

        29 сәуір күні Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен « Қазақстан Барысы» республикалық V турниріне Алматы облысындағы іріктеу жарыстарының 3 кезеңі аяқталды.

        Алматы облысындағы іріктеу сындарының 3 кезеңінде Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қаратал, Қарасай, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқант, Талғар, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларының палуандары бақ сынады . Жарыстың I-II кезеңіне жалпы саны 1 347 адам қатысты. Солардың ішінде 38 палуан III кезеңге жолдама алған болатын.

        «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық сайысында Алматы облысының намысын қорғайтындар:

        1. Касачев Александр (90 келі)

        2. Рамазанов Қазыбек (80 келі)

        Алматы облысындағы іріктеу жарыстарының 3 кезеңінде төрелік еткендер: Әбіханов Тимур, Шілдебаев Тимур.

        Турнирдің ақтық сайысы 5 шілде күні Астана күні қарсаңында елордамыздағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді.

Жобаны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры, «Нұр Отан» партиясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «Астана» ПКСК, ҚР қазақ күресі федерациясы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры.

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

Ресми демеуші: «Kaspi Bank» АҚ.

Бас ақпараттық серіктес: «Қазақстан» РТРК» АҚ.

Демеушілер мен серіктестер: «Қазақтелеком» АҚ, Astana Motors «Hyundai» сауда белгісімен, Құрақ-Көрпе, «НҰР - Медиа» ЖШС.


Последние новости