Календарь

Арман Төлегенұлы Шораев

«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы.

1970 жылдың 7 мамырында Көкшетауоблысының Володар ауданында дүниеге келген. Көкшетау облыстық педагогикалық институын (1990 ж.), «Әділет» Жоғарғы мектебін (2001 ж.) және Көкшетау облыстық экономика және менеджмент институтын (2005 ж.) бітірген. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, заңгер, экономика магистрі.
Облыстық радионың жастар бағдарламалары редакторынан республикалық телеарнаның бас директоры дәрежесіне дейін көтерілген, 2010 жылы Моңғолия мен Жапония сияқты мемлекеттердегі ұлттық спорт түрлерінің даму нәтижесі осы Қорды құруға деген құлшынысын арттырды. 2014 жылдан бері Қазақстандағы қазақ күресі федерациясын басқарып келеді. Қор қызмет етіп келе жатқан 5 жыл ішінде еліміздегі қазақ күресін дамытуда, сондай-ақ дүниежүзілік қоғамдастыққа танытуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізе білді.
Үйленген, төрт баласы бар.


Facebook