Календарь

05.
08.
Астана

«Қазақстан Барысы» турнирі 5 шілде күні Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді

14-04-2022 10:36
2015 жылғы 14 сәуір күні сағат 11:00–де «Rixos President Astana Hotel» қонақ үйінің «Orda» мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен осымен бесінші мәрте өткізілетін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің іріктеу сындарының басталуына орай баспасөз мәслихаты өтті.

         2015 жылғы 14 сәуір күні сағат 11:00–де «Rixos President Astana Hotel» қонақ үйінің «Orda» мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен осымен бесінші мәрте өткізілетін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің іріктеу сындарының басталуына орай баспасөз мәслихаты өтті.

        Баспасөз мәслихатына қатысқандар: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары - Мәлік Сапашев, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары - Ғалымжан Өтелбайұлы, «СК-Астана» корпоративтік қорының басқарушы директоры - Ерлан Даримов, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының қамқорлық кеңесінің төрағасы – Арман Шораев.

        Баспасөз мәслихатында ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев биыл Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық сыны дәстүр бойынша Елорда күнінің қарсаңында, 5 шілде күні Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтетінін хабарлады.

        Регламент бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің іріктеу жарыстары төрт кезең бойынша ұйымдастырылады:

- ауылдар мен елдімекендерде;

- аудандық, қалалық жерлерде;

- облыстық іріктеу жарыстары;

- турнирдің ақтық сыны.

        Ауылдық, аудандық, қалалық және облыстық жарыстар мен турнирдің ақтық сыны 18 жастан жоғары ересектер арасында +80 келі, яғни абсолюттік салмақ категориясы бойынша өткізіледі. Ақтық сынға ауылдық, аудандық жерлердегі іріктеулерден өткен облыстық кезеңдердің және Астана, Алматы қалаларының жеңімпаздары мен күміс жүлдегерлері жолдама алады. Дәстүр бойынша финалға іріктеу кезеңдерінен өткен 32 балуанмен қатар былтырғы жылғы «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов та қатысады.

        Республикалық ақтық сайысқа қатысатын балуандар арасында 2015 жылдың 19-23 мамыр аралығында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиыны өткізіледі. Жиын барысында балуандар тереңдетілген медициналық тексеруден және допингтік бақылаудан өтеді.

        Журналистердің сұрағына жауап бере келе Арман Шораев турнирдің жүлде қоры 350 000 доллардан артық болатынын атап өтті. «Қазақстан» және «KazSport» республикалық телеарналары турнирден тікелей көрсетілімді тарататын болады.

        Төрешілердің әділ болуын қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы турнирдің ақтық сынындағы жұмысы үшін олардың «сақтандыру жарнасын» қосу тәжірибесі енгізілген болатын. Ережелерге сәйкес өз міндеттерін адал атқармаған төрешілерге ақша кері қайтарылған жоқ. Бұл жылы төрешілік сақтандыру жарнасы 1 мың АҚШ долларын құрайды.

Жеңімпазды бірге анықтайық!


Последние новости