Календарь


Еуразия Барысы 2016

"Еуразия Барысы" қазақ күресінен халықаралық турниріне билеттер сатылымға түсті! Алматыда бой көтерген су жаңа спорт кешені "Алматы Аренада" бірінші желтоқсан күні қазақ күресінен "Еуразия Барысы" xалықаралық турнирі өтеді. Осыған дейін үш рет Таразда өткізіліп келген дүбірлі дода барынша көп жанкүйерге қайталанбас жарысты өз көзімен көру мүмкіндігін сыйлау үшін Оңтүстік Астанаға ауыстырылды. Биылғы жарыстың ерекшеліктері көп болмақ. "Еуразия Барысы" атағына Грузия, Моңғолия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары таласады. "Командалардың сапында Олимпиада Ойындары мен әлем чемпионаттарының жеңімпаз, жүлдегерлері де бар", - дейді "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораев. Ал, Қазақстан командасының құрамы жарысқа бір апта қалғанда жарияланатын болады. Еліміздің үздік балуандары бір айдан аса уақыттан бері дайындық жүргізуде. 12 000 көрерменге арналған "Алматы Аренада" әдеттегідей қайталанбас шоу мен тартысты белдесулер орын алмақ. Сонымен қатар, көрермендер арасында лотерея ойнатылады. Бас жүлде - автокөлік. Билет құны 500-5000 теңге аралығында. Билетті қазірден бастап ticketon.kz-да және Меломан дүкендерінде сатып алуға болады.