Календарь

Балуандармен кездесейік! Салтанатты салмақ өлшеу рәсімі.

KAZAKHSTAN BARYSY
30-06-2021 12:48
1 шілде күні сағат 19:00-ден «Хан Шатыр» сауда-ойын орталығында «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалына қатысушыларымен кездесу және салтанатты салмақ өлшеу рәсімі өтеді.
1 шілде күні сағат 19:00-ден «Хан Шатыр» сауда-ойын орталығында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалына қатысушыларымен кездесу және салтанатты салмақ өлшеу рәсімі өтеді.
Осы келе жатқан алдағы жексенбі күні «Сарыарқа» республикалық велотрек спорт кешенінде Қазақстанның ең белді балуандары көптен күткен дүбірлі доданың финалдық сайыс өтеді. Дәстүрлі түрде балуандар Елордаға алдын-ала жиналады. Олар міндетті дайындық шараларға қатысып, жанкүйерлерімен танысып, турнир финалына қатысты үміттері мен ойларын баспасөз өкілдерімен бөліседі.
Жыл сайын ұйымдастырылатын салмақ өлшеу рәсімі осындай шараларды өткізуге жақсы мүмкіндік береді. Ресми салтанатты салмақ өлшеу рәсімі шілде айының 1 жұлдызында Астана қаласының «Хан Шатыр» кешенінің атриумында сағат 19:00-де басталады. Қала тұрғындарымен қонақтары балуандармен суретке түсіп, әңгімелесіп, сұхбаттасып сұрақтарына жауап алауы мүмкін.
Финалдық кездесуде жеңімпаз атанған балуан - «Қазақстан Барысы» атағына ие болып, турнирдің бас жүлдесі «Тайтұяқты» иеленеді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі белбеулермен және қаржылай марапатталад. Ескертейік, турнир финалының қатысушылары абсолюттік салмағында (90+ келі) болуы керек.
Турнирге БАҚ өкілдерінің тіркелуі белгіленген мерзімге (24 маусымға) дейін өтті. Тіркелу карталары тек онлайн режимінде өткендерге аккредитациялық бейдждері салмақ өлшеу рәсімі өтетін орында (жеке куәлігін көрсеткен жағдайда) таратылады. Анықтама телефоны: +7 701 914 19 90 (Айгерім)
Қосымша ақпарат:
«Қазақстан Барысы 2016» турнирі ақтық сайысының қатысушылары:

1. Айтуар Абдулов – Астана қаласы
2. Айбол Айтбек – Жамбыл облысы
3. Дұлат Алпысов – Солтүстік-Қазақстан облысы
4. Алтынбек Аусағитов - Солтүстік-Қазақстан облысы
5. Бекзат Ахметбеков – Қарағанды облысы
6. Руслан Әбдіразақов – Қызылорда облысы
7. Талғат Әмренов – Әскер Барысы
8. Асыл Бәрменов - Қарағанды облысы
9. Виктор Демьяненко – Алматы қаласы
10. Еркебұлан Егінбаев – Павлодар облысы
11. Еламан Ерғалиев - Қызылорда облысы
12. Сержан Ерлан – Батыс Қазақстан облысы
13. Жұманазар Ерсұлтанов – Оңтүстік Қазақстан облысы
14. Дәулетхан Жақыпов – Жамбыл облысы
15. Нұрдәулет Жарылғапов – Маңғыстау облысы
16. Сұңғат Закарияев – Атырау облысы
17. Ербол Игілік - Маңғыстау облысы
18. Нұрсұлтан Иманғазин – Ақтөбе облысы
19. Бауыржан Қабай – Алматы қаласы
20. Абылайхан Қасымхан – Қостанай облысы
21. Асхат Құсайынов – Шығыс Қазақстан облысы
22. Кенжебек Күзембаев – Атырау облысы
23. Самир Мәмедов – Павлодар облысы
24. Нұрсұлтан Мыңғышов - Оңтүстік Қазақстан облысы
25. Айбек Нұғымаров - Шығыс Қазақстан облысы
26. Ерлан Омаров – Қостанай облысы
27. Ұлан Рысқұл – Алматы облысы
28. Айбат Сейтен – Астана қаласы
29. Леонид Станеев - Ақмола облысы
30. Олжас Сүлейменов – Батыс Қазақстан облысы
31. Дархан Темірханов – Ақтөбе облысы
32. Мереке Тұрашев – Ақмола облысы
33. Бейбіт Ыстыбаев – «Қазақстан Барысы 2012, 2015» (Жамбыл облысы)

Жеңімпаздармен жүлдегерлердің ақшалай жүлделері:
1-ші орын – 25 000 000 теңге,
2-ші орын – 5 500 000 теңге,
3-ші орын – 1 800 000 теңге болады.

Сонымен қоса, биыл турнир тарихында тұңғыш рет турнир жеңімпазға ақшалай сыйлықтан басқа Астана қаласынан пәтер кілтіне ие болады. Ақшалай жүлделер жеңіске жеткен балуандардың жаттықтырушыларына де беріледі. «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы Астана қаласының «Сарыарқа» республикалық велотрегінде 3 шілде күні сағат 12:00-де басталады.
Билеттер Астана қаласының «Меломан» дүкендер желісінде, «Керуен», «Хан-Шатыр», «Мега», «Сарыарқа» ойын-сауық кешендерінде, Конгресс-Холл, My Town и «Жастар» сарайының кассаларында сатылымда. Онлайн алу үшін biletiastana.kz сайтында тапсырыс қалдыра аласыз. Бағасы: 1000, 2000, 5000 теңге.
Турнирге келген көрермендер арасында JAC S3 автокөлігі ойнатылады. Билет бойынша ақпаратты +7701 1004344 телефон арқылы білуге болады.