Календарь

Қазақ күресінің шығу тарихы және оның дамуы

30-04-2021 10:36
Қазақша күрес әлемдегі ең тарихы терең спорт түрлерінің бірі ғой. Қазақтың ешбір ұлы тойы мен мерейлі мерекесі онсыз өтпеген. Сонау ықылым замандардан бері қазақ білекті азаматтарына қара күштің киесі дарыған жан деп қана қарамай, үлт қуаттылығын, ел қүдыретін танытар өнер иесі деп қадір тұтқан.

Қазақша күрес әлемдегі ең тарихы терең спорт түрлерінің бірі ғой. Қазақтың ешбір ұлы тойы мен мерейлі мерекесі онсыз өтпеген. Сонау ықылым замандардан бері қазақ білекті азаматтарына қара күштің киесі дарыған жан деп қана қарамай, үлт қуаттылығын, ел қүдыретін танытар өнер иесі деп қадір тұтқан. Алайда осы өнеріміз күні кешеге дейін Қазақстан аумағынан аса алмады. Кеңес тұсында да ол кеудесінен басылып тұрды. Бұл ретте оның ашылмай тұрған тағы бір тынысы бардай сезілетін. Содан еліміз егемендік алып, ел еңсесін көтере бастаған тұста, Штаттағы ұлттық командалар дирекциясын басқарып тұрған маған қазақ күресінің басы-қасында жүрген ағаларымыз қолқа салды. Осы күрестің қыр-сырын білетін Бауыржан Жаналин, Марат Жақитов, Диқанбай Биткөзов, Бақытжан Жаңбырбаев секілді ағаларымыз: «Өзің қазақша күресті жақсы білесің, сосын барлық күрес түрлерін басқарып отырсың. Демек, осы ұлттық спорт түрін жаңа биік деңгейге шығару қолыңнан келеді. Елде экономика өрледі емес пе, енді рух та көтерілсін!» деп ой тастады. Өзімді де осы ой мазалап жүрген болатын, сөйтіп, төлтума спортымызды тар шеңбер мен шекарадан асырып, әлемдік деңгейде шарықтатуға тэуекел жасап, бел будық. Бұл жолда, ең алдымен, оны сырттан таңылған, кірме ұғымдардан аршып алу қалсет еді. Ол кезде Кеңес тұсынан қазақ күресінде «бір балл, екі балл» деген сияқты орысша бағалау терминдері, сосын еркін күрестен алына салынған айла-тәсіл атаулары араласып жүрген, олардан арылу керек болды. Содан төрешілік бұйрықтарды, әдіс-айла атауларын, күрес тәсілдерін қайтадан қазақшалауға кірістік. Мәселен, «бір балл, екі балл» дегеннің орнына қазақи қалыппен «жамбас», «бүк» сияқты баға айту керектігін белгіледік. Анау жапондар мысалға, өз күрестерінде - дзюдода «иппон», «кока», «юка» деп бекіткен, орысың да, ағылшының да әрқайсысы өз тіліне тартпай, тілін бұрап, осылай жапонша атайды. Бізде де солай болуға тиіс. Мысалға, жапондар «хаджиме!» дейді, қазақша күресте біз «баста!» дедік. Сосын оларда— «иппон», ал бізде - «таза жеңіс». Оның сыртында, біз «тоқта!», «жартылай жеңіс» сияқты көптеген бұйрықтарды бекіттік. Қиын ештеңесі жоқ, қазір мұны бәрі үйреніп алды.

Күрестің ұлттық түрі «қазақ күрестің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

«Қазақ күресі» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді.

Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.

2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақ күресі» бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті – Төкеев Серік Адамұлы.

2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақ күресі» бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақ күресі» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-дене аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар.

2006 жылы Алматы қаласында қазақ күресінен 1-ші әлем біріншілігі өткізілді, оған 36 мемлекеттің балуандары қатысты. Бұл жарыста Қазақстанның 4 балуаны әлем чемпионы атанды, атап айтсақ  Бауыжан Тәліп, Мәди Құрымбаев,Бақтыбай Қисықов,Бейбіт Ыстыбаев.

2008 жылы Ресейдің Орск қаласында 2-ші әлем біріншілігі өткізілді, оған 42 мемлекеттің балуандары қатысып, Қазақстанның 4 балуаны алтын,2-і күміс медальмен оралды. 

2010жылы Елордамыз Астана төрінде 3-ші әлем біріншілігі туын желбіретті, 46 мемлекеттен 300-ден астам балуандар қатысты. Қазақ балуандары бұл бәсекеде намысты қолдан бермей 5 алтын 1 күміс 1қола медаль иеленіп командалық есепте бірінші орынды алды.

2011 жылы 20-шы тамызда Қазақ барысы жүлдесі өткізілді,оған әр обылыстан 4 балуаннан , барлығы 64 балуан қатысып бас жүлдені сарапқа салды.  Бұл сайыста 1-ші орынды Қызылордалық балуан Рысқұл Ұлан иеленіп 150 000 АҚШ долларын алды ,2-ші орынды Жамбыл обылысының балуаны Ыстыбаев Бейбіт иеленіп жүлдеге 30 000 АҚШ долларын алса, 3-ші орын Шығыс Қазақстандық Жоламанов Шалқарға бұйырды, тиісінше 10 000 АҚШ долларын алды. 

2012 жылдың  15 қыркүйегіне Қазақ барысы жүлдесі сарапқа салынбақшы жалпы жүлде қоры 320 000 АҚШ долларын құрайды, мұндай үлкен сый тағайындау арқылы бүкіл әлемге қазақ күресін насихаттау.  


Последние новости