Календарь

Лондонда "Болашақ Барысы" анықталды

Казах курес
02-11-2021 12:07
1-қараша күні Лондон қаласында "Болашақ" бағдарламасымен Англияда оқитын студенттер арасында қазақ күресінен "Болашақ Барысы" турнирі өз мәресіне жетті.
Қазақ Хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырылған турнирді "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қоры мен "ҚазАльянс" қауымдастығы ұйымдастырған болатын. Лондонда өткен турнирде 74 келіден жоғары салмақ дәрежесінде барлығы 16 балуан қатысты. Олардың арасында Айдар Қойшыбаев 1-орын, Асқар Шарапатов 2-орын, Дәурен Дубербаев 3-орынға ие болды. "Болашақ Барысы" турнирінде халықаралық дәрежедегі төреші Нұрлыбек Ермағамбетов пен ұлттық дәрежедегі төреші Ерлан Естек төрелік етті.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай қазақ күресі қарыштап дамып келеді. Соңғы бес жыл ішінде ұлттық күрес жаңа сипатта өркендей түскенін ерекше атауға болады. Республикалық "Қазақстан Барысы", халықаралық "Еуразия Барысы", бүкіләлемдік "Әлем Барысы" секілді жобалар соның дәлелі. Осы арқылы қазақ күресіне жұрттың ерекше ықыласы ауып, сүйіспеншілігіне бөленді. "Болашақ Барысы" турнирі осындай тың жобалардың жалғасы болып отыр.

Последние новости