ҚазРусEngQaz
Следите за нами

«Қазақстан Барысы» турнирі 4 шілде күні өтеді

Құрметті қазақ күресінің жанкүйерлері!

        Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің бесінші финалдық додасының өтетін күні Астана күні мерекесіне орай ұйымдастырылатын шаралардың тығыздығына байланысты басқа күнге ауыстырылғанын хабардар етеміз.

        Осылайша, алтын «Тайтұяқ» пен чемпиондық белбеу иегерін, сондай-ақ, жылдың үздік жеңімпаз балуанын анықтайтын «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық жарысы Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде 4 шілде күні өтеді. Басталуы сағат 12:00-де.

        Еліміздегі ең ірі дода «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық жарысына кіру билеттері келесі аптадан бастап сатылымға түседі. Билет сатылатын орындар «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының ресми сайтында жарияланады. БАҚ өкілдерін аккредитациялау 2015 жылғы 17-маусымнан 30-маусымға (соңғы күнді қоса алғанда) дейін жалғасады.

        Аккредитациялауға байланысты өтініш жасау үшін турнирді Ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметіне хабарласыңыз.

        Жобаны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы, ҚР қазақ күресі федерациясы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры.

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

Ресми серіктес: «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ.

Ресми демеуші: «Kaspi Bank» АҚ.

Бас ақпараттық серіктес: «Қазақстан» РТРК АҚ.

Демеушілер мен серіктестер: «Қазақтелеком» АҚ, Құрақ-Көрпе, Нұр-Медиа ЖШС, «КТК» АҚ