ҚазРусEngQaz
Следите за нами

Павлодар қаласында 25 қазанда "Әлем Барысы" халықаралық турнирі өтеді!

      Қазақстанда тұңғыш рет қазақ күресінен «Әлем Барысы» халықаралық турнирі ұйымдастырылады. Бұл турнирде 30-дан астам алыс-жақын шет елдердің түйе балуандары күш сынасады.

      «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде Қазақстанның намысын кілем иелері ретінде 4 балуанымыз қорғайтын болады. «Қазақстан Барысының» жеңімпаз атанған, Бейбіт Ыстыбаев (2012), Айбек Нұғымаров (2013) және жүлдегерлер қатарында 2014 жылы финалда өнер көрсеткен Асыл Бәрменов пен қола жүлдегер Руслан Әбдіразақов бар. Қазір аталған балуандар оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп, «Әлем Барысына» жанын салып дайындық жүргізіп жатыр.  

      Ал, өз балуандарымыздан бөлек 32 елден менмін деген 32 балуан келеді. Егер "Қазақстан Барысының" Вконтакте и Facebook әлеуметтік желідегі парақшаларына мұқият назар салып жүрсеңіз, барлығын ретімен таныстырып, мәліметтерін қазақ және орыс тілінде жариялап отырмыз.

      Павлодар қаласында 25 қазанда өтетін "Әлем Барысы" халықаралық турнирінің билеттері дәл қазір сатылымда. Билеттің құны – 5 000, 10000, 15 000 теңгені құрайды. Билетті Павлодар қаласындағы «Астана» мұз сарайының кассасынан ала аласыздар.

      Ал, қосымша сұрақтарыңыз болса 8 (7182) 61-94-00 және 8 701 100 43 44 анықтамалық телефонына хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап алуға болады.