Календарь

Әбдіразақов Руслан « Қазақстан Барысы» турниріне төртінші рет қатысады.

Қазақстан Барысы
25-04-2021 10:36
25 сәуір күні Қызылорда қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен « Қазақстан Барысы» республикалық V турниріне облысындағы іріктеу жарыстарының 3 кезеңі аяқталды.

        25 сәуір күні Қызылорда қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен « Қазақстан Барысы» республикалық V турниріне облысындағы іріктеу жарыстарының 3 кезеңі аяқталды.

        Қызылорда облысындағы іріктеу сындарының 3 кезеңінде Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарының және Қызылорда қаласының палуандары бақ сынады., Жарыстың I-II кезеңіне жалпы саны 1236 адам қатысты. Солардың ішінде 18 палуан облыстық сайысқа жолдама алды.

         Қызылорда облысы бойынша турнирдің ақтық сынына жолдама алғандар:

1. Әбдіразақов Руслан (+100келі)

2. Сәлімгереев Нұрым (100келі)

Қызылорда облысындағы іріктеу сындарының 3 кезеңінде төрешілік еткен Әділбек Серікбаев.

        Естеріңізге сала кетейік, Абдразақов Руслан , 2014 жылғы турнирдің қола жүлдегері атанған болатын. Биыл Абдразақов Руслан « Қазақстан Барысы», турниріне төртінші рет, ал Сәлімгереев Нұрым бірінші рет қатысады.

«Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің ақтық жарысы 4 кезеңнен тұрады:

- ауылдар мен елді мекендерде;

- аудандық, қалалық;

- облыстық іріктеу жарыстары;

- турнирдің ақтық сыны.

Турнирдің ақтық сайысы 5 шілде күні Астана күні мерекесі қарсаңында елордамыздағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді.


Последние новости