Календарь

Александр Касачев жарысқа қатысады!

Қазақстан Барысы
01-07-2021 14:38
Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалисты Александр Касачевтың анализдік сынамаларынан тыйым салынған мельдоний субстанциясының табылуына байланысты Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігінің (ВАДА) соңғы шешімі белгілі болды!
Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалисті Александр Касачевтың (Алматы облысы) анализдік сынамаларынан тыйым салынған мельдоний субстанциясының табылуына байланысты Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігінің (ВАДА) соңғы шешімі белгілі болды!
АЛЕКСАНДР КАСАЧЕВ "ҚАРАСАЙ БӨРІСІ" ЖАРЫСҚА ҚАТЫСАДЫ!

Нәтижесінде, биылғы жылғы «Қазақстан Барысы» турнирі финалына іріктеу жарыстарынан өткен балуандардың бәрі қатысатын болды.

Толық балуандар тізімі:
Ақмола облысы: Мереке Тұрашев, Леонид Станеев
Ақтөбе облысы: Дархан Темірханов, Нұрсұлтан Иманғазин
Алматы облысы: Ұлан Рысқұл, Александр Касачёв
Атырау облысы: Сұңғат Закарияев, Кенжебек Күзембаев
Батыс Қазақстан облысы: Олжас Сүлейменов, Сержан Ерлан
Жамбыл облысы: Айбол Айтбек, Дәулетхан Жақыпов
Қарағанды облысы: Асыл Бәрменов, Бекзат Ахметбеков
Қызылорда облысы: Еламан Ерғалиев, Руслан Әбдіразақов
Қостанай облысы: Ерлан Омаров, Абылайхан Қасымхан
Маңғыстау облысы: Нұрдәулет Жарылғапов, Ербол Игілік
Оңтүстік Қазақстан облысы: Жұманазар Ерсұлтанов, Нұрсұлтан Мыңғышов
Павлодар облысы: Самир Мәмедов, Еркебұлан Егінбаев
Солтүстік Қазақстан облысы: Алтынбек Аусағитов, Дулат Алпысов
Шығыс Қазақстан облысы: Айбек Нұғымаров, Асхат Құсайынов
Алматы қаласы: Виктор Демьяненко, Бауыржан Қабай
Астана қаласы: Айбат Сейтен, Айтуар Абдулов
Әскер Барысы: Талғат Әмренов
Қазақстан Барысы 2015: Бейбіт Ыстыбаев

1 шілде күні сағат 19:00-де «Хан Шатыр» ойын сауық кешенінде қазақ күресінен VI «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің салтанатты салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Бұдан кейін балуандар жаттығулары мен турнирге дайындығын жалғастырады.

«Қазақстан Барысы» турнирінің финалы 3 шілде күні Астана қаласында сағат 12:00-де «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өткізіледі. Билеттер Астана қаласының «Меломан» дүкендер желісінде, «Керуен», «Хан-Шатыр», «Мега», «Сарыарқа» ойын-сауық кешендерінде, Конгресс-Холл, My Town и «Жастар» сарайының кассаларында сатылымда. Турнирге келген көрермендер арасында JAC S3 автокөлігі ойнатылады. Билет бойынша ақпаратты +7701 1004344 телефон арқылы білуге болады. Билеттер бағасы: 1000, 2000, 5000 теңге.

Анықтама: Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы Атқару комитетінің мүшесі Тастанбек Есентаев 21 маусым күні өткен баспасөз-мәслихатында Допингке қарсы ұлттық орталығының шешіміне сәйкес, Мереке Тұрашев (Ақмола облысы), Александр Касачев (Алматы облысы), Самир Мамедов (Павлодар облысы) және Айбек Нұғымаровтың (Шығыс Қазақстан облысы) анализдік сынамаларынан тыйым салынған мельдоний субстанциясының табылуына байланысты аталған балуандар қазақ күресінен ұйымдастырылатын барлық жарыстардан, соның ішінде биылғы жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық сынынан да зерттеу аяқталғанға дейін уақытша шеттетілетіндігін хабарлаған болатын. Аталған балуандарды жарыстарға жіберу немесе нақты бір уақытқа жарыстардан шеттету туралы соңғы шешімді Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігінің (ВАДА) қорытындысын алғаннан соң «Допингке қарсы ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Тәртіптік комиссиясы қабылдайтын болады деген еді. Осыдан үш күн бұрын, Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігі допингтік сынама анализдерінде тыйым салынған мельдоний субстанциясы табылған үш балуан туралы шешімін жариялап, Александр Касачевтың (Алматы облысы) дисквалификациялық мерзіміне қатысты өз шешімін арнайы шығаратынын хабарлаған еді.

Последние новости

Қазақстан Барысы
23-04-2022 11:00