ҚазРусEngQaz
Бізді назарда ұстаңыз

ТАРАЗ ТӨРІНДЕ АПАЙТӨС БАЛУАНДАР АЙҚАСЫ

Тараз төрінде балуандар бәсекесі. Киелі Әулиеата  жерінде дүбірлі дода. Қазақстанда тұңғыш рет "Еуразия Барысы" халықаралық турнирі.

Әлемнің сегіз елінен сайыпқыран спортшылары өзара бақ сынаспақ. Түркия, Иран, Қытай, Моңғол, Ресей, Тәжікстан, Польша және Қазақстан елінің апайтөс алыптары "Еуразия Барысын" анықтайды. Заманауи "Тараз-Арена" спорт кешенінде жалауы желбірегелі отырған байрақты бәсекенің жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары.