Қазақ балуандары құрлық додасына аттанды
Қытайдың Ганьсу аймағында өтетін қазақ күресінен Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын балуандар тізімі анықталды.
Кеше Қытайға ұшып кеткен ұлттық құрама қатарында «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс және қола жүлдегері – Шалқар Жоламанов, 2012 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінде «Көрермендер көзайымы» атанған Рүстем Жұмаев және 2011 жылы «Қазақстан Барысының» финалдық кезеңінде күрескен Оңтүстік Қазақстан облысының балуаны Әділжан Ыстыбаев бар. Қазақстан құрамасының құрлық додасынан абыройымен оралуына тілектеспіз!
60 келі – Амангелді Сатыбалдиев (Алматы облысы)
70 келі – Аслан Түсіпханов (Алматы қаласы)
80 келі – Әділжан Ыстыбаев (Оңтүстік Қазақстан облысы)
90 келі – Бекзат Ахметбеков (Қарағанды облысы)
100 келі – Шалқар Жоламанов (Шығыс Қазақстан облысы)
+100 келі – Рүстем Жұмаев (Солтүстік Қазақстан облысы)