ҚазРусEngQaz
Бізді назарда ұстаңыз

Арманыңа жет!

 «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры еріктілерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Егер сіздің жасыңыз 18-ден жоғары және  ерік-жігеріңіз биік болса, сондай-ақ,  жұмыс кестеңізден бос уақыт табылса, «Қазақстан Барысы» жобасына ерікті ретінде қабылдана аласыз!

«Арманыңа жет» деп аталатын еріктілер байқауына еліміздің ең басты спорттық оқиғасының куәгері болғысы келетін кез-келген адам қатыса алады.

Ерікті атануға ниетті болсаңыз, төменде көрсетілген талаптарды орындап, [email protected] электронды поштасына жіберулеріңізді өтінеміз. Ескерте кететін бір жайт, сіз жіберген хат «Арманыңа жет» тақырыбымен жазылуы тиіс.

Электронды өтінімді толтыру тәсілі:

-          Аты-жөніңіз (толық), жасыңыз

-          Сіз не үшін жобаның еріктісі болғыңыз келеді?

-          Сіздің негізгі қызметіңіз  қандай?

-          Хоббиіңіз

Хатқа міндетті түрде еріктінің фотосуреті қосылуы керек.

 Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10 – 20 маусым

 «Арманыңа жет» еріктілер байқауында жеңіске жеткендер еліміздегі ең ірі спорттық жобаға қатысып, үлкен тәжірибе жинайды. Одан бөлек, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының арнайы сыйлықтарымен марапатталады.

 Сіздің көмегіңіз біз үшін маңызды!