Дин Ким: "Қостанайда жасалған JAC S3 автокөліктеріміз аса жоғары сапамен қазақстандықтар үшін өндіріледі"!

Қазақстан Барысы
21-06-2021 16:30
21 июня в г. Астане прошла расширенная пресс-конференция о ходе подготовки к грандиозному финалу республиканского турнира "Қазақстан Барысы". Среди спикеров пресс-конференции был Дин Викторович КИМ, член совета директоров "AllurGroup". Он поделился тем, что думает о казах курес, и рассказал гостям про машины казахстанского производства.
Алдағы турнир барысында жүлдеге дәстүрлі түрде екі автокөлік қойылатыны белгілі болды. Оның біреуі көрермендер арасында ойнатылып, екіншісі ең үздік күрес көрсеткен балуанға сыйға тартылады. Биыл автокөліктерді AllurAuto компаниясы қамтамасыз етті.
Турнирдің автокөлік серіктесі атынан Астанада өткен баспасөз маслихатында, көпшілік қауым алдында AllurGroup директорлар кеңесінің мүшесі Дин Викторович Ким сөз сөйледі.

«Биылғы жылы AllurAuto компаниясы ұлттық және ауқымды іс-шара – жылдық «Қазақстан Барысы» турнирінің ресми серіктесі болып табылады және қазақстанда жасалатын JAC S3 маркалы екі автокөлік сыйлайды. JAC S3 автокөліктері SsangYong, Peugeot, JAC, Geely, Hyundai, Toyota автомобильдері және Iveco мен JAC коммерциялық техника өндірілетін Агромашхолдинг және СарыарқаАвтоПром қостанайлық алаңдарында өндіріледі. JAC S3 автомобильдері СарыарқаАвтоПром қазақстандық зауыттарында қазақстандықтар үшін аса жоғары сапамен өндіреміз», - деп айтты өз сөзінде Ким мырза.

Сонымен бірге, Дин Викторович «Қазақстан Барысы» турнирі - бұл бұқаралық спорт арқылы салауатты ұлттың қалыптасуы, жастардың отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиеленуі, ұлттық спорт түрлерінің дамуы және AllurAuto компаниясы үшін қазақстандықтар арасындағы салауатты өмір салтын қолдау мен спорттың дамуының маңыздылығын ескертті.

Айта кетейік, биыл турнирдің жалпы ақшалай жүлде қоры 41 400 000 теңгені құрайтыны белгілі болды және жеңімпаздар арасында келесідей бөлінді:
1-ші орынға – 25 000 000 теңге,
2-ші орынға – 5 500 000 теңге,
3-ші орынға – 1 800 000 теңге.
Сонымен қоса, биыл турнир тарихында тұңғыш рет турнир жеңімпазы ақшалай сыйлықтан басқа Елордада пәтер сыйлығына ие болады.

1 шілде күні сағат 19:00-де «Хан-Шатыр» ойын сауық кешенінде қазақ күресінен VI «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің салтанатты салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Бұдан кейін балуандар жаттығулары мен турнирге дайындығын жалғастырады.

«Қазақстан Барысы» турнирінің финалы 3 шілде күні Астана қаласында сағат 12:00-де «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өткізіледі. Билеттерді «Меломан» дүкендер желісінде және Астана қаласының кассаларынан сатып алуларыңызға болады. Билеттер бағасы: 1000, 2000, 5000 теңге.

Билеттер Астана қаласының «Меломан» дүкендер желісінде, «Керуен», «Хан-Шатыр», «Мега», «Сарыарқа» ойын-сауық кешендерінде, Конгресс-Холл, My Town и «Жастар» сарайының кассаларында сатылымда. Турнирге келген көрермендер арасында JAC S3 автокөлігі ойнатылады. Билет бойынша ақпаратты +7701 1004344 телефон арқылы білуге болады.


Последние новости

Қазақстан Барысы
21-06-2021 16:00
Қазақстан Барысы
09-06-2021 04:01
Қазақстан Барысы
01-06-2021 12:00