Календарь

Ұлттық күресіміздің киімі ғылыми тұрғыда қорғалып, патент алынған

30-04-2021 10:36
Жақында «Алаш айнасы» газетінің №193 санынан (31.10.2021 жылы шыққан) «Қайран менің күресім, кимоно киіп күзелген» атты Қарағанды қаласынан Қайрат Абдолла жазған мақаланы оқыдым. Бұл мақала "Алаш-Арена" сайтына да «Қайран менің күресім, кимоно киіп күзелдің» деген тақырыпен шықты.

Жақында «Алаш айнасы» газетінің №193 санынан (31.10.2021 жылы шыққан) «Қайран менің күресім, кимоно киіп күзелген» атты Қарағанды қаласынан Қайрат Абдолла жазған мақаланы оқыдым. Бұл мақала "Алаш-Арена" сайтына да «Қайран менің күресім, кимоно киіп күзелдің» деген тақырыпен шықты.

Енді қазақ күресі киімінің авторы ретінде сол мақаладағы ойларға жауап берсем деп едім.
Біріншіден, автордың газет бетіндегі қазақ күресіне байланысты жазған пікірі­не, ұлттық күресімізге жанашырлық таныт­қа­нына алғыс айтқым келеді. Ұлттық құн­дылықтарымызды іздеушілер, қорғаушы­лар көп бола берсін!
Енді осы мақалада көтерілген мәселе­лерге байланысты өз ойымды білдірсем, қазақтың балуандық өнерінің тарихи та­мы­ры өте көне уақыттан басталады. Тари­хи деректер сақ пен ғұндардың атасы Ат­ти­ланың алдында патша болған Балам­бер­дің өзінің айтулы жорықтарынан кейін күрестен белдесулер, садақ тарту мен найза лақтырудан сайыстар, сондай-ақ ат жарыстарын ұйымдастырып отырғанды­ғын жазады. Сол кездегі тілмен осы жа­рыс­тар мен сайыстардың түрлері былай ай­тылған: Ээр-хүреш, Ат-хүреш, Ланса-хү­реш (ланса – қазақша найза), Шабар­ман-хүреш, Жебе-хүреш. Бұл жерде Ээр – ер, күшті мағынасында, Хүреш балуан кү­рес мағынасында берілген.
Академик Әлкей Марғұлан балуан сөзінің «блбл», «балбал», яғни күшті, мық­ты деген сөзден шыққандығын жаза­ды. Жалпы, сол күресіміз қазіргі уақытқа дейін жетіп, ғасырлар толқынында талай өзгеріске ұшырап отырды.
Нақты балуандар киіміне тоқталсақ, қазақтың балуандық өнерін зерттеу бары­сында халқымыздың балуанға арнап ар­найы күрес киімін тіккені туралы дерек­тер­ді кездестіре алмадым. Қырғыз халқының «Манас» дастанында Қосай мен Жолай бал­уандарға арнап күрес киімін дайындау­ға жарлық берілгендігі туралы жазылады. Моңғол, грузин, саха, түрік т.б. халық­тар­дың балуан киімдері қалыптасқан.
Енді қазіргі қазақ балуандары киіп жүр­ген, сіз айтқандай, «кимоно киіп кү­зел­ген» күрес киімінің дүниеге қалай кел­гендігіне аз-маз тоқталып өтейін. Қазақ хал­қында күреске шыққанда шапан, күр­теше, жейде киіп немесе кеудесін жала­ңаштап, беліне белдік буынып немесе бу­ынбай күрескендіктері туралы деректер көп. Қазіргі еркін күреске ұқсас, кеуде жа­ла­ңаш, аяқтан ұстауға болатын, жауыры­нын жерге тигізіп немесе тізесі жерге тиіп кетсе де, жеңілдіге санайтын, жапонның сумо күресіне ұқсас күрес те қазақ хал­қында көп тараған.
Қазақ күресінің балуандары Кеңес Ода­ғы кезінде самбо мен дзюдоның киім­дерін киіп күресті. Өзіне тән балуандық киі­мі болмады. Осы жағдайды шешу мақ­сатында өткен ғасырдың 90-жылдары қазақ күресінің әдіс-тәсілдеріне ден қо­йы­лып, тек түрегеліп күресетіндігін, жерде жа­тып, партерде күреспейтіндігін ескеріп, балуан киіміне арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Самбо мен дзюдо киімдері зерттеліп, ондағы барлық күре­сетін уақыттың 60-70 пайызы жеңнен ұс­тау­ға кететіндігі анықталды. Қазақта кү­рес­ке шығарда «балақты түріп, жеңді сы­ба­нып» деген де сөз бар. Осы жағдай қа­зақ күресіне батырлардың қысқа жең са­уыт­тарының үлгісін ұсынуға итермеледі. Себебі қысқа жең киім балуанның өзінің әре­кет етуіне қолайлы болып келеді де, қар­сыласына қолайсыз жағдай туғызады.
Қазіргі күресте осы киім әдіс-айла қол­дану үшін балуандардың бір-біріне еріксіз жақын келуіне, көп күш-қайраттың жұм­салуына ықпал етуде. Әрі балуандардың кілемге орынсыз құламауы, аяғында нық тұрып белдесуі талап етіледі. Ол үшін олар­дың дайындықтары жоғары, күш-қай­раттары мол болуы керек.
Ал «шалбар киіп шолтитып, шортик жа­садық» дегенге айтарым, шалбардың балағының ұзын немесе қысқа болуының күрес барысында ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан «балақты түріп, балуан шықты» деген сөзді ескере отырып, шалбардың балағын тізеден төмен қысқарттық.
Күресу орнына, яғни күрес кілеміне бай­ланысты айтарым, балуандарды бел­дестіру үшін ертеректе көк майса шөп не­месе құмды жұмсақ жер таңдап алынатын. Қазіргі кезде арнайы күрес кілемдері бар болғандықтан, соны пайдаланған дұрыс болар. Егер де қазақ күресіне арнап жеке күрес кілемін жасасақ, тіптен дұрыс болар еді.
«Қазақстан барысы» атты республи­ка­лық турнир осымен екінші рет өткізіліп, қазақ күресінің дамуына айтарлықтай үлес қосып отыр. Балуандардың қазақ күресіне кәсіптік тұрғыда қарауына жағдайлар жа­салуда, белдесулердің тартымды, мазмұн­ды өтуіне ерекше мән берілуде. Дене тәр­биесі және спорт мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарында қазақтың ұлт­тық ойындарын ғылыми түрде сараптау үш­ін студенттердің, магистранттардың дип­ломдық жұмыстарына арқау болып отыр.
Негізі, мен де белдесу кезінде бал­уан­дардың аңдар терісін жамылып шығуын онша құптай қоймаймын. Сонымен қатар қазіргі күрес ережесінде кездесетін «бүк», «жамбас», «жарты жеңіс» т.б. сөздермен кү­рес әдістерін бағалауды да дұрыс деп санамаймын.
Сөз соңында айтарым, қазіргі балуан­дардың киім үлгісі арқылы қазақ күресін жер жүзі танитын жағдайға жеттік, күрес киі­мі ғылыми тұрғыдан қорғалды, киімге патент алынды. Әйтсе де жоғарыда айтылған мақала­ның авторы сияқты қазақ күресіне жана­шыр­лық танытып, ойға ой қосып жататын­дар қатары көп болғандығын қалаймын.