Календарь

Қанат Бозымбаев: "Әлем Барысы" 2017 жылда өтеді

Алем Барысы
21-07-2021 17:00
21 маусым күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының баспасөз-мәслихаты өтті. Баспасөз-мәслихатында Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының Құрметті Президенті - Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев таныстырылды.
Баспасөз-мәслихатында Арман Шораев Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының Құрметті Президенті лауазымына Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың сайланғанын хабарлады. Қ.Бозымбаевтың қазақ күресінің дамуына қосқан үлесі және «Еуразия Барысы» мен «Әлем Барысы» халықаралық турнирлеріне көрсеткен қолдауы туралы айтылды.
Федерацияның Құрметті Президенттігіне сайланған Қанат Бозымбаев Федерацияның Атқару комитетіне алғыс айта отырып, артқан үміт пен сенімді ақтауға дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, өз жұмысының бастамасы ретінде биылғы жылы қазан айында Астана қаласында қазақ күресінен Әлем Чемпионатының ұйымдастырылатынын хабарлады. Сонымен бірге, «Expo-2017» бүкіләлемдік халықаралық көрме аясында қазақ күресінен кезекті «Әлем Барысы» турнирінің өткізілетіндігін жария етті.