Follow us

Қазақстан балуандары "Еуразия Барысының" финалында

Моңғол құрамасы:

60 келі – Ганболд Херлен. Дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ганболд еліміздегі беткеұстар дзюдошылардың бірі Еркебұлан Қосаевты қазан айында Ташкентте өткен «Гран-При» турнирінде жеңіп кетті. Бейжіңде өткен  соңғы «Гран-При» бәсекесінде Херлен күміс жүлдегер атанды. Егер осы қарқынмен жалғастыра берсе, оның Рио Олимпиадасына қатысатыны сөзсіз.

70 келі – Санжаасурен Миярагша. Бұл балуанды Алматы жанкүйері жақсы таниды. Өйткені, Алатау баурайында ол дзюдодан кезекті жеңістерінің бірін тойлаған болатын.

80 келі – Ған Тувшинжаргал,

90 келі – Серік Бәйкемұрат. Серік биыл Шымкентте өткен Қажымұқан Мұңайтпасовтың 140 жылдығына арналған чемпион атанған таланатты спортшылардың бірі.

+90 келі – Сугаржардал Болдпурев. Салмағы 180 келі, бойы 194 сантиметр! Салмағының ауырлығына қарамастан ол өте жылдам қимылдайды, сондай-ақ, тәжірибесі де мол. Моңғол алыбы Қазанда өткен Бүкіләлемдік Универсиаданың чемпионы атанды. Белбеу  күресінен өткен ақтық сында ол Украина балуаны Александр Гордиенконы 2:1 есебімен тізе бүктірген. Ұлан-Батырда өткен дзюдодан «Гран-При» бәсекесінде  Болдпурев қола жүлдені қанжығасына байлады.

 

 Түркия құрамасы:

60 келі – Өмір Фарух Өзбай. Өмір Фарух дзюдодан ең жеңіл салмақта елішілік және халықаралық жарыстарда жүлдегер атанған. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылы дзюдодан  21жасқа дейінгі Түркия біріншілігінде қола жүлдегер атанса, былтыр күміс тұғырдан көрінген болатын. 2011 жылы Грекияның Салоники қаласында өткен Балқан түбегі елдерінің чемпионатында күміспен  күптелді. 2009 жылы Румынияда өткен «Олимпиада үміттері» халықаралық турнирінің жеңімпазы.

 70 келі –  Мұрат Ышык дзюдодан жастар арасындағы Түркия біріншілігінің екі дүркін (2006-2007 жылдар) чемпионы.

80 келі – Мұстафа Жошкун. Мұстафа  2010 жылы жасөспірімдер арасында Түркия чемпионы атанса, 2012 жылы ел біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізген.

90 келі – Ердал Доған.  Түркия намысын қолдан бермеуге тырысады. Ердал дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Түркияның 6 дүркін чемпионы.

+ 90 келі – Бюлент Доған. Бюлент Халықаралық Босфор турнирінің жеңімпазы (2006 жыл), Түркия біріншілігінде 8 мәрте топ жарған. 

 

Моңғол балуандары қарсыластарын бет қаратпай 5:0 есебімен жеңіске жетті