Календарь

"Еуразия Барысына" қатысатын шетелдік балуандар анықталды

Еуразия Барысы
02-10-2015 05:56
Қазан айының тоғызы күні Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтеді. Биылғы сынға Еуропа мен Азияның Түркия, Польша, Ресей, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, және Қазақстан сынды елдерінің құрамалары қатысып, өзара мықты анықтайды. Үшінші мәрте өткелі отырған халықаралық турнир Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналып өткелі отыр.

  Биылғы турнирде салмақ дәрежелеріне өзгеріс бар. Бұған дейінгі екі турнирде балуандар бес салмақ дәрежесі бойынша белдессе, биыл 7 салмақта бойынша күреседі (55, 66, 74, 82, 90, -100, +100 келі). Жылдағы үрдіс бойынша төрешілер құрамына шетелдік шетелдік мамандар шақырылды.

Былтырғы «Еуразия Барысы» турнирінің чемпиондары Моңғолия биыл жаңа құрамда өнер көрсетеді. Бақыт Однай жаттықтыратын команда кұрамы мынадай: 

1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: 
Сумия Батгал
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Ганбол Херлен
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Ганбаатар Одбаяр
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Мунхбат Дагвадорж
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Ган Тувшинжаргал
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Бунддорж Джанчивдорж
7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі:
Алтангерел Давааням

2015 жылы «Еуразия Барысында» үшінші орынға ие болған Грузия құрамасы жарысқа қатысуға сақадай сай. Карен Арутюнян баптайтын балуандар тізімі төмендегідей:

1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Церцвадзе Иосе
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Калдани Гиоргий
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Мамулашвили Каха
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Гагнидзе Заур
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Гвиниашвили Паата
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Коберидзе Гиоргий
7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі:

Түркия құрамасы биыл Таразда өтетін турнирге үшінші мәрте қатысқалы отыр. Олардың құрамында мына балуандар белдеседі:

1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Озбай Ахмет
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Озканоглу Искендер
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Узун Халил Ибрагим
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Гулдурен Илкер
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Турсак Сахин
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Байндир Юнусэмре
7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі:
Гемалмаз Мурат

Қырғызстан құрамасы «Еуразия Барысы» турниріне биыл екінші мәрте қатысады. Олардық құрамасы қазақ күресінен халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген балуандардан жасақталған.

1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Кұлынбек Естебаев
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Санжар Османалиев
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі :
Мирлан Ералиев
4. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Кененбек Шамшидин улы
5. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Мадияр Нуркалык улы
6. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Нурбек Раймалы улы
7. -100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Тілек Кұралов
8. + 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі:
Максим Стихин

Польша балуандары «Еуразия Барысы» турнирі басталғалы қатысып келеді. Қазақ күресінің жүлдесіне таласы бар польшалық балуандар биыл бабында.  

1.  55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Марек Ваврзкивич
2.  66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Бартоломей Гарбачик
3.  74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Филип Пузыра
4.  82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Козчински Радослав
5.  90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Трзешнивский Микола
6.  100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Пётр Сарек
7.  100 келіден жоғары салмақ дәрежесі:
Якуб Зарзечны

  Ресей балуандары 2013 жылы турнирдің қола жүлдесін иеленген болатын. Олар биыл келесі тізімде көрсетілгендей құрамда белдеседі.  

1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Кузьменко Алексей
2.  66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Акопян Акоп
3.  74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Николаев Сергей
4.  82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Перевелюк Андрей
5.  90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Гусаров Андрей
6.  100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Минаков Дмитрий
7.  100 келіден жоғары салмақ дәрежесі:
Ширяев Максим

Өзбекстан құрамасы балуандарының тізімі:

1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Мажидов Лазиз
2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Бозоров Асадулло
3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Расулов Камоладдин
4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Кудайбердиев Алишер
5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Жураев Ильхом
6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі:
Кусанов Равшан
7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі:
Киссомиддинов Мухси

«Еуразия Барысында» Қазақстан намысын қорғайтын балуандар тізімі жетінші қазанда белгілі болады. Қазір Тараз қаласында қазақ күресінен ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Жанкүйерлер қаперіне сала кетсек, ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі 9-қазан күні Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді.

Билеттер «Тараз-Арена» спорт сарайының кассаларында сатылады. Анықтама үшін байланыс телефондары:8 (7262) 540 -605, 8-707-503-23-23



Последние новости