Календарь

Бейбіт Ыстыбаев Президент жүлдесін үшінші рет иеленді

Қазақстан Барысы
04-07-2021 08:36
3 шілде күні «Сарыарқа» республикалық велотрегінде қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы – Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған VІ республикалық «Қазақстан Барысы» турнирі өтті.
Турнирдің үш дүркін жеңімпазы атанған Бейбіт Ыстыбаев шешуші сәтте ең ауыр балуан Жұманазар Ерсұлтановты жеңіп, алтын «Тайтұяқ» пен ақшалай сыйлық және Астана қаласынан жаңа пәтерге ие болды.
Оңтүстікқазақстандық Жұманазар Ерсұлтанов жартылай финалда жамбылдық Айбол Айтбекті жеңіп, финалға жолдама алды. Жартылай финалдың екінші жұбында белдескен Бейбіт Ыстыбаев турнирдің ең үздік балуаны Дәулетхан Жақыповпен күресті. Дәулетхан белдесулер саны бойынша турнирде ең көп күрескен балуан. Ол іріктеу кезеңін 1\32 финалдан бастап, солтүстікқазақстандық Дулат Алпысовты ұтты. Дәулетхан «Қазақстан Барысы» турнирінде 2014 жылы қатысып, «Ең үздік балуан» атанған болатын. Ол сол жолы көрермендер көзайымына айналып, күш, ептілік, үздік күрес, жеңіске деген жігерін байқатқан еді. Сол жолғы ынталандыру сыйлығы балуанның одан әрі қазақ күресімен айналысуға деген ынтасын арттырды. Дәулетхан халықаралық «Еуразия Барысы» турнирінде командасы сапында өнер көрсетті. Сол жолы шетелдік балуандарға ұлттық күрестік әдіс-тәсілдерін көрсеткен болатын.
Биыл үздік күрес көрсеткен балуанға ресми демеуші Allur Auto JAC S3 автокөлігін тағайындады. Арнайы тағайындалған «Турнирдің үздік балуаны» номинациясы Алматы облысының өкілі Александр Касачевка берілді. Ол Маңғыстау облысының балуаны Ербол Игілікті бірнеше секундта таза жеңген болатын.
«Көрермен көзайымы» номинациясына 1 млн теңге тағайындалды. Турнирдің серіктесі Қазақстан халқы ассамблеясы тағайындаған ақшалай сыйлық бұл жолы Виктор Демьяненкоға берілді. 2013 жылы Виктор Демьяненко «Қазақстан Барысы» турнирінде бақ сынап, жақсы ширек финалға дейін жеткен еді. Үш жылдан кейін В.Демьяненко айтулы табысқа тағы да қол жеткізді.
Бұдан бөлек, жүлдегер атанған балуандардың бапкерлері ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бірінші орын алған балуанның бапкеріне 3 500 000 теңге, екінші орынға – 1 800 000 теңге, үшінші орынға – 900 000 теңге тапсырылды. Бұл ақшалай сыйлық бапкерлерге шәкірт тәрбиелеп, қазақ күресіне сіңірген ерен еңбегі үшін берілді. Ал балуандар арасында 1-орынға 25 000 000, 2-орынға 5 500 000, 3-орынға 1 800 000 теңге табысталды.
Жылдағы дәстүр бойынша турнирден соң көрермендер арасында лотерея ойнатылып, сыйлыққа JAC S3 автокөлігі тігілді. Жаңа көліктің иесі лотерея кезінде анықталды. Жеңімпаз турнирді Оңтүстік Қазақстан облысынан арнайы көруге келген екен. Оған сыйлықты Allur Auto Астана бас директоры Орудж Назаров тапсырды.
Турнирді сегіз мыңға жуық адам велотректе тамашалады. Сондай-ақ, тікелей эфирде «Қазақстаннан» бөлек, Түркияның «TRT Avaz» арнасы тікелей эфирде көрсетті.
«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры биылғы жылы «Еуразия Барысы» турнирін өткізеді. Халықаралық командалық жарысқа бірнеше елдің командалары қатысады деп жоспарлануда. Бұл сында қазақстандық балуандар өз шеберліктерін паш етіп, қазақ күресінің биік деңгейін көрсетеді деп күтілуде.

Турнирді ұйымдастырушылар:
Ұлт көшбасшысы – ҚР Тұңғыш Президенті қоры, «Нұр Отан» партиясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері қауымдастығы, ҚР қазақ күресі федерациясы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры.

Ресми серістес: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Әлеуметтік серіктес: «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры
#SamrukKazynaTrust

Ресми демеуші: Allur Auto JAC брендімен
Демеушілер мен серіктестер: SAT&Co, Қазақтелеком, kurak-korpe.com
Бас ақпараттық демеуші: «Қазақстан» ТРК АҚ «Қазақстан» және «KazSport» арналары
Ақпараттық демеуші:  «Матч!Боец», ТРТ Аваз, КТК телеарналары, ҚазМедиаОрталығы, Cashper жарнама агенттігі, Kures.TV

Жаңалықтарды мына жерден көре аласыздар:
• Facebook.com/KazakhstanBarysy
• Instagram.com/Kazakhstan_Barysy
• VK.com/KazakhstanBarysyKZ

#КБ2016 #ҚазақстанБарысы #БағыңЖансынБарысым

Последние новости

Қазақстан Барысы
23-04-2022 11:00