Календарь

Sat&Co
Статус Демеуші
Веб-сайт www.sat.kz/

Біздің мақсатымыз
Компания ТМД елдерінің нарықтық капиталдандыру мөлшері бойынша 30 ірі өнеркәсіптік холдингтер қатарына кіруге ұмтылады. Осы мақсатқа жету барысында «SAT & Company» АҚ келесі мәселерді шешу қажет:
Топтың қызмет әрекеттерін келешегі зор салалар – энергетика, металлургия, машина жасау мен тау-кен өндірісіне жұмылдыру
Жаңа кәсіпорындарды іске қосып, өндірістік қуаттарына шығару
Топ активтерінің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету, капиталдың сыртқы нарығына шығу және акциялардың бақыланбайтын пакеттерін сату арқылы оның капитализация мөлшерін арттыру.

Қазақстан экономикасының дамуын бәсеке қабілеттілігі жоғары өндірістер құру арқылы жетілдіріп, еліміздің әлеуметтік өркендеуіне ат салысу, қоршаған ортасын сақтап, табиғи байлықтарын барынша тиімді пайдалану.

Әлеуметтік жауапкершілік
Қазіргі заманғы бизнес қауымында қалыптасқан қағида бойынша әлеуметтік ортада қайырымдылық пен мейірімділік істерін атқару әр тұлғаның парызы болып есептеледі.
«SAT & Company» АҚ өзінің негізгі қызметімен бірге спорт, саулық тұрмысты насихаттау, кемтарлық пен жоқшылық мұқтажына түскен жандарға демеушілік атқаратын әлеуметтік институттарына көмек көрсетіп келеді. Жетім үйлеріне, тұрмыс жағдайы төмен жанұйяларға көмек жасау және жалпы қоғамдық мейріміділік шараларын өткізуімен қатар, Компанияның осы саладағы өз бағдарламалары да бар:
«Сәби» қайымдырылық жеке Қорымен істестік.
Балалар медициналық мекемелері, тұрмысы төмен жанұяда өскен балаларға, жетімдер мен мүгедектерге көмек көрсету.
Теннис, футбол, бокс спорт түрлеріндегі талапты жас түлектерге көмек көрсету
Отандық әуесқой және кәсіпқой бокс түрлерін қолдау:
— «Алматы қ. Бокс Федерациясы» заңды тұлғалардың Бірлестігі
— Қазақстан кәсіпқой бокс Федерациясы
өткізетін шараларға қатысу және демеушілік атқару
Отандық жоғары оқу орындарының дамуын қолдау, елдің экономика өнеркәсібінің келешек мамандарын дайындау істеріне демеу көрсету
Компания қызметкерлері қатарынан спорт командаларын құру, саулық тұрмыс насихатын жүргізу, қалалық және мекемеаралық жарыстарға қатысу

Қайырымдылықтың мәні тек әлеуметтік ортада ғана білініп қоймайды, оның Компания ішіндегі қауымға да әсері өтіп, әр адамның ішкі дүниесін қалыптастырады. Бұл қағиданың «SAT & Company» үшін мағынасы зор.

Сонымен қатар “SAT & Company” АҚ «Фонд развития қазақ күресі «Қазақстан Барысы» ҚҚ-ның да демеушісі болып табылады.
Қазақ күресінің тарихы қазақ халқының даму тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күрестегі жігерлілігі қазақ халқының өнер түрлерінің бірі болып табылады. Қазақтар өздерінің балуандарын «батырлар», «алыптар» деп атаған және олардың күшін Алланың берген таңғажайып сыйы деп есептеген. Күрес – халық мәдениеті салаларының бірі болып табылатын өнер. Өзінің қаталдылығымен ерекшеленетін көшпенді өмір, қазақтарды батыл да күшті болуды үйретті және оларға бұл қасиеттерді бала кезінен бойына сіңірді. Атпен жүру, садақпен ату, күрес сияқты дағдылар ұл балалар үшін де, қыздар үшін де бірдей лайық болып келеді.