Календарь

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Статус Бас серіктес
Веб-сайт sk.kz/

2008 жылғы 13 қазанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ біріктіру жолымен құрылған.
Қор ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің еліміздің экономикалық дамуына теріс ықпалын болдырмау үшін құрылған. Қордың негізгі мақсаты жекеменшік құқына басқаруға берілген ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен өзге де заңды тұлғалардың акция пакеттерінің халықаралық нарықта ұзақмерзімді құндылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Қордың негізгі міндеттері:
1. өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымда инветициялық жобаларды жүзеге асыру;
2. Қор компаниялар тобының активтерін жаңарту, еселеу;
3. өңірлерді дамытуға ықпал етіп, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру;
4. өтандық тауар өндірушілерді, отандық тауар мен қызметтерді қолдау.


Қазіргі кезде Қорда 600-ге жуық компания бар, олардың активтері 17 трлн. теңгеге бағаланады. Сондай-ақ, Қордың компаниялар тобында 360 мың адам еңбек етеді.
Ұлттық экономиканы жаңартып, жаңғырту экономиканың мына басым бағыттары бойынша жүзеге асырылып жатыр:
• мұнай-газ секторы
• электр энергиясы;
• металлургия;
• химия, мұнай химиясы;
• инфрақұрылым.

Қазіргі уақытта Қордың инвестициялық қоржынында құны 27 трлн. теңгені құрайтын 163 жоба бар.
 Олардың ішінде ең қомақты үлестер мынадай: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 69%. «Қазақстан темір жолы» - 9%, «Біріккен химиялық компания» ЖШС - 8% және «Самұрық-Энерго» АҚ - 7%.
Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың жалпы құрылымында Қор мен оның еншілес компанияларының үлесі мынадай: 22%, 36% - әріптестер қаржысы, 39% - ішкі және сыртқы қарыз. 3% республикалық бюджеттен келеді.
Сонымен қоса, «Самұрық – Қазына» АҚ компаниялар тобы қоғам мемлекеттің, облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша септігін тигізу, қолайлы іскерлік жағдай жасау, адамдардың әлеуметтік және рухани жағдайына қолдау көрсетуді де мақсат етеді.
Қордың демеушілік және қайырымдылық қызметі ұлттық және рухани құндылықтарды жандандыруға, мәдениетімізді, ғылым мен білімді қолдауға, ғылыми-техникалық ілгерілеуге ықпал жасауға, салауатты өмір салтын насихаттауға, спортты қолдауға бағытталған.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы еліміздегі дене шынықтыру мен спорттың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирін ұйымдастыруға Қор бірнеше жылдан бері қомақты қаражат бөліп отыр. Айта кету қажет, Қор аталған жобаға демеушілік жасаған жылдар ішінде қазақша күреспен айналысатындардың саны 100 мың адамнан асқан.
Қазақ күресі – бұл ерекше спорт түрі ғана емес, сонымен қатар біздің өткеніміздің, тарихымыздың даңқты беттері, тәуелсіздік үшін күрескен ата-бабаларымыздың ерік-жігерінің, ерлігінің шынайы белгісі. Осы себепті «Самұрық-Қазына» қоры бұдан былай да өскелең ұрпақтың бойындағы отансүйгіштік пен ата-баба дәстүріне деген мақтаныш сезімін оятатын осы бір ұлттық спорт түріне жан-жақты қолдау көрсете бермек.
Біз осы аламан жарысқа қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және барша жанкүйерге сәттілік тілейміз!