Календарь

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры
Статус Ұйымдастырушы серіктес
Веб-сайт www.presidentfoundation.kz

http://kz.presidentfoundation.kz/

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры әлеуметтік, қайырымдылық, мәдениет, білім беру және қоғамдық-саяси идеяларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті құрған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры қызметінің мәні:
- Мемлекеттік және қазақстандық патриотизм идеяларын насихаттау;
- Қоғам өмірінің рухани бастамаларын қалыптастыру, мәдениетті, білім мен ғылымды дамыту;
- Қазақстан Республикасының егемендігі мен мемлекеттігінің қалыптасуы мен беку ісіне, Қазақстан халықтары бірлігін қамтамасыз етуге, мемлекеттер арасындағы достық қатынасты дамытуға, экономика, мәдениет, ғылым, ағарту және денсаулық сақтау салаларының дамуына үлес қосқан жеке азаматтарды қолдау.
Басым бағыттар:
- Қазақстан мемлекеттік саясатының ғылым мен білім саласындағы басым бағыты ретінде жас ғалымдарды қолдау, жас ғалымдардың, шығармашылық қызметкерлерінің, студенттер мен ғылыми ұжымдардың маңызды зерттеу жұмыстарын қолдау;
- Мәдениет пен өнер саласындағы талантты жастарды анықтау және қолдау, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, маңызды шығармашылық жобаларды қолдау;
- Қайырымдылық және баспа қызметін, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру.
Қордың миссиясы - қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушысы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи мұрасын сақтау, зерттеу және насихаттау арқылы Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік-бағдарланған мемлекет ретінде бекінуіне көмек көрсету.
Қордың қызметінің бағыттарының бірі қоғамда патриоттық сезімді және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Осы мақсаттарға сәйкес Қор «Қазақстан Барысы» сияқты елеулі спорттық іс-шараларды қолдайды.
Барлық қатысушыларға табыс және мықты рух тілейміз! Жеңіске ең күштісі жетсін!