Календарь

«Нұр Отан» партиясы
Статус Ұйымдастырушы серіктес
Веб-сайт nurotan.kz/

http://nurotan.kz

«Нұр Отан» – халықтық партия. Бізге ел тағдыры үшін жауапкершілік жүктелген. Партиямыз өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келді.
Партияның негізін қалаушы – Елбасының басшылығымен Қазақстан халқы экономикасы серпінді дамыған қарымды қоғам және демократиялық мемлекет құрды. Біздің күш-жігеріміздің басты нәтижесі «Қазақстан-2030» Стратегиясының негізгі межелерінің мерзімінен бұрын жүзеге асырылуы болды.
Бүгінгі таңда мемлекеттілік құру жөніндегі тарихи міндет орындалды. Бұл барлық қазақстандықтардың бірлігі мен келісімінің, табанды да қажырлы еңбегінің, ортақ құлшынысы мен үміттерінің жемісі.
«Нұр Отан» партиясы – қоғамды ұйыстыратын және Елбасының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басым саяси күш.
Партия доктринасы «Нұр Отанның» ХХІ ғасырдағы миссиясын және «Қазақстан – 2050» Стратегиясын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі біздің алар орнымызды айқындайды.
Біздің миссиямыз – эволюциялық дамуды қамтамасыз ету және алға қойған мақсатына ұмтылатын, заң талабын сақтайтын әрі еңбекқор азамат өзіне де, қоғамға да пайда келтіре алатын демократиялық, өркендеген, бәсекеге қабілетті және әлеуметтік бағдарлы мемлекет құру.