Календарь

«Астана» Президенттік кәсіпқойлық спорттық клубы
Статус Ұйымдастырушы серіктес
Веб-сайт www.astanaproteam.kz/modules.php?name=astana&page=kazakhstan-club

«Астана» Президенттік кәсіпқойлық спорттық клубы 2012 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды. Бүгін «Астана» мультиклубы өз брендінің аясында Қазақстанның ең үздік спорттық клубтарын – әлемдік деңгейдегі Astana Pro Team кәсіпқойлық велокомандасын, «Астана», «Барыс» хоккей клубын, «Астана» баскетбол клубын, «Astana Motosports» ралли-рейд командасын, «Astana Arlans» боксшыларын біріктіреді. «Астана» кәсіпқойлық клубының туының астында сондай-ақ клубтың амбассадорлары: ауыр атлетика бойынша екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин және мәнерлеп сырғанау бойынша олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен өнер көрсетеді. «Астана» Президенттік клубы – елде салауатты өмір салтын танымалдандыруды және кәсіпқойлық спортты дамытуды, сондай-ақ әлемдік сахнада Қазақстанның оң имиджін нығайтуды мақсат еткен заманауи, спорттық менеджмент саласындағы соңғы тенденнцияларға жауап беретін бірлестік.