Календарь

Allur Auto компаниясы
Статус Ресми серіктес
Веб-сайт www.AllurAuto.kz

www.allurauto.kz

Allur Auto компаниясы 2003 жылы құрылған және ол AllurGroup құрамына кіреді. Бүгінгі күні AllurGroup құрамына Қостанайдағы Агромашхолдинг пен СарыаркаАвтоПром өндірістік алаңдары, Астана мен Алматыдағы AllurAuto компаниялар тобының дилерлік және дистрибуторлық желісі кіреді. AllurGroup – бұл шанақтарды дәнекерлеу мен бояу кіретін, шағын торапты (CKD) әдіс бойынша қуаттылықтарында жеңіл автомобильдер өндірісі жүзеге асырылатын Қазақстандағы бірінші және бірден-бір компания. Қазіргі уақытта AllurGroup CKD-желістерінде бірінші қазақстандық жол талғамайтын SsangYong Nomad и Toyota Fortuner автомобильдері өндіріледі.
Сондай-ақ, Агромашхолдинг пен СарыаркаАвтоПром өндірістік алаңдарында SsangYong, Peugeot, JAC, Geely, Hyundai, Toyota автомобильдері және Iveco и JAC коммерциялық техникасы жасалады.
Қазақстан аумағында AllurGroup құрамына SsangYong, Peugeot, Iveco, JAC брендтерінің дистрибуциясы кіреді. AllurGroup құрамына енетін AllurAuto компаниясы Mitsubishi, Ford және Suzuki маркалы автомобильдердің ресми дилері болып табылады.
Тұтынушылардың сұраныстары мен қазақстандықтардың автокөлік техникасына деген мүдделерін қанағаттандыру AllurAuto компаниясы үшін басты міндет болып табылады, сондықтан бағдарламаларды әзірлеуде қолда бар тұтынушылар үшін ғана емес, сондай-ақ әлеуетті сатып алушылар үшін де зор көңіл аударылады.

Компанияның миссиясы:

- қазақстандықтарды сапалы автомобильдермен және коммерциялық техникамен қамтамасыз ету;
- жаңа технологияларды енгізу арқылы Қазақстанның автомобиль индустриясын дамыту, жаңа брендтерді жұмылдыру және сервистік қызмет көрсету стандарттарының жоғары деңгейіне сәйкес келу;
- халыққа олардың пайдалануына арнайы жабдықтармен жасалған қазіргі заманғы автотехниканы ұсына отырып, қалалық қызметттер көрсету деңгейін арттыру.


www.allurauto.kz
www.facebook.com/AllurAutoGroup
www.instagram.com/allurauto