Календарь

"Еуразия Барысына" Қазақстан құрамы анықталды

Еуразия Барысы
24-11-2016 13:40
1 желтоқсан "Алматы Аренада" өтетін "Еуразия Барысы" халықаралық турниріне Қазақстан құрамасы тыңғылықты дайындық жүргізуде. Бұл күндері Шыңғыс Биткөзов бастаған балуандарымыз Алматы маңындағы АИБА бокс Академиясында оқу-жаттығу жиынында.
"ЕУРАЗИЯ БАРЫСЫ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНДЕ ҚАЗАҚСТАН НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН БАЛУАНДАР 
55 кг. МАРАТ НЫҒМАТҰЛЛАЕВ (17.12.1995 ж.т.) – қазақ күресінен екі дүркін Қазақстан чемпионы (2014-2015 ж), самбодан Қазақстан чемпионы, самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Афина, Грекия 2013 ж), дзюдодан жастар арасында Азия Кубогының қола жүлдегері (Қарағанды), «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы (2015 ж). Қазақ күресі және самбодан спорт шебері. 
60 кг. ЕРЖАН МАҒАУИНОВ (24.11.1990 ж.т.) – қазақ күресінен ҚР Кубогында үшінші орын (2009 ж. Талдықорған), Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2011 ж. Қарағанды), Қазақстан Кубогының қола жүлдегері (2011 ж. Шымкент), дзюдодан Чегеев атындағы турнирдің жеңімпазы (2013 ж. Өскемен), дзюдодан Павлодарда өткен турнирдың қола жүлдегері (2014 ж), ҚР Кубогының жеңімпазы (Семей 2014 ж), ҚР Кубогында бірінші орын (Атырау қ. 2015 ж), Қазақстан чемпионатында үшінші орын (2013 ж), екінші орын (Қарағанды 2016 ж). Дзюдо және қазақ күресінен спорт шебері. 
66 кг. БАҚДӘУЛЕТ СӘБИТОВ (06.04.1992 ж.т.) – самбодан Қазақстан чемпионы (Қарағанды), самбодан Азия чемпионы (Ташкент, 2010 ж), дзюдодан Қазақстан чемпионы (2011 ж), дзюдодан студенттер арасында Қазақстан чемпионы (2011 ж. Алматы), қазақ күресінен Азия чемпионы (Алтай, ҚХР 2015 ж), дзюдодан Еуропа Кубогында бірінші орын (Германия Бремен қ. 2011 ж), дзюдодан Гран-при турнирінің қола жүлдегері (Алматы 2013 ж), Қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2015-2016 жж. Аягөз және Қарағанды). Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан спорт шебері. 
74 кг. AЙДОС ҒАЛЫМОВ – самбодан Азия чемпионы (2011 ж. Ташкент), самбодан үшінші орын (2011 ж. Болгария), дзюдодан жастар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013 ж. Хайнань, Қытай), қазақ күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері (Алтай, Қытай 2015 ж), қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (2015, 2016 жж), дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері (2013 ж), «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы (2015 ж. Тараз). Дзюдо, самбо және қазақ күресінен спорт шебері. 
82 кг. ДӘУЛЕТ ПАХРИДДИНОВ (20.07.1995 ж.т.) – самбодан Қазақстан чемпионы, самбодан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері (2015 ж. Рига, Латвия), қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (2015-2016 ж), Бүкіләлемдік көшпенділер Ойындарында қазақ күресінен бірінші орын, қазақ күресінен әлем чемпионы (2016 ж. Қытай), қазақ күресі және самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 
90 кг. АЙБОЛ АЙТБЕК – (01.10.1992 ж.т.) – самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2010 ж. Болгария), дзюдодан Еуропа Кубогында үшінші орын (2010 ж. Чехия Прага қ), дзюдодан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2013 ж. Өскемен), дзюдодан Қазақстан чемпионы (Шымкент 2014 ж), қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (Аягоз 2015 ж)., қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (Қарағанды 2016 ж.), «Қазақстан Барысы» турнирінің қола жүлдегері (2016 ж), қазақ күресінен әлем чемпионы (ҚХР 2016 ж), дзюдодан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (Қызылорда 2016 ж). Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдо және самбодан спорт шебері. 
100 кг. МҰХИТ ТҰРСЫНОВ (22.04.1988 ж.т.) – қазақ күресінен бес дүркін Қазақстан чемпионы (2007, 2010, 2013, 2014 және 2016 ж), қазақ күресінен Азия чемпионы (Қызылорда қ. 2009 ж), екі дүркін және әлем чемпионы (2013 Минск, 2014 Орынбор), қазақ күресінен әлем чемпионатында үшінші орын (Қытай), күрештен жабық ғимараттағы Азия Ойындарының күміс жүлдегері (Хоной, Вьетнам), «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы (2014 ж), «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы, дзюдо және самбодан спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 
+ 100 кг. АЙБЕК НҰҒЫМАРОВ (03.06.1987 ж.т.) – қазақ күресінен төрт дүркін әлем чемпионы (2010 ж. Астана, 2013 ж. Минск, Белорусия, 2014 ж. Орынбор, Ресей және 2016 ж. Қытай), Әлем Кубогында бірінші орын (2011 ж. Пуна қ. Үндістан). «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы (2013 ж. Астана). Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Последние новости