Календарь

"Әскер Барысы" ауқымы кеңейтілді

Қазақстан Барысы
05-04-2017 15:34
8 ақпан күні Астанада "Әскер Барысы" республикалық турнирі өтеді.
"Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің финалына әскерилер арасындағы іріктеу боп саналатын турнир тұңғыш рет 2016 жылы өткен болатын. Биыл аталған жарыстың ауқымы кеңейтілмек. Біріншіден, былтыр бұл турнирге тек санаулы әскери клубтардың өкілдері қатысса, биыл Қазақстан Республикасының барлық құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мүмкіндігі бар.  
Екіншіден, "Қазақстан Барысы" жобасының ұйымдастыру комитетінің шешімімен әскерилер арасынан шыққан қос үздік балуанға ақтық айқасқа жолдама табысталады. Яғни, былтыр "Әскер Барысының" жеңімпазы ғана "Қазақстан Барысының" қатысушы атанса, биыл әскерилер арасындағы жарыстың финалына шыққан екі спортшы да беделді бәсекеге қатыса алады. 
Естеріңізге сала кетсек, былтыр "Әскер Барысы" іріктеу турнирінде Талғат Әміренов жеңіске жетсе, екінші орынды Арман Әбеуов, үшінші орынды Дархан Дәуітбеков иеленді.

Осы сенбі "Әскер Барысы" 2017 республикалық турниріне келіп, тартысты белдесулердің куәгері болыңыздар. Басталуы: 10:00. Өтетін орны: Астана қаласы, "Жас Ұлан" мектебі, Қорғалжын тас жолы, 16/1.


Последние новости