Календарь

05.
08.
Астана

"Болашақ Барысы" турнирінен фоторепортаж

Лондондағы Брунель университетінің спорт кешенінде қазақ күресінен «Болашақ Барыс­ы» турнирі өз мәресіне жетті. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген Англия астанасындағы спорттық шараны "ҚазАльянс" қауымдастығы мен "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қоры ұйымдастырды. Сайысқа «Болаша­қ» бағдарламасымен білім алып жүрген студент жастар қатысқан болатын.
Турнирге Англия университеттерінде оқып жүрген 16 студент қатысты. Жарыстың бірнеше салмақ дәрежесінде емес, тек қана 70 келіден жоғары, яғни, абсолютты салмақ дәрежесінде өтті. Балуандарға қолдау көрсету үшін Лондонға Шеффилд, Рединг, Манчестер, Бирмингем, Уорик қалаларынан қазақ студенттері мен Британиядағы қазақ диаспорасының өкілдері келді.
Жарыс нәтижесі мынадай:
I орын - Айдар Қойшыбаев (80 келі), Edgware Academy Language School;
II орын - Асқар Шарапатов (84 келі), University of Sheffield Master;
III орын - Дәурен Дүбербаев (87 келі), London School of Economics and Political Science.
Болашақ Барысы" турнирінде халықаралық дәрежедегі төреші Нұрлыбек Ермағамбетов пен ұлттық дәрежедегі төреші Ерлан Естек төрелік етті.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай қазақ күресі қарыштап дамып келеді. Соңғы бес жыл ішінде ұлттық күрес жаңа сипатта өркендей түскенін ерекше атауға болады. Республикалық "Қазақстан Барысы", халықаралық "Еуразия Барысы", бүкіләлемдік "Әлем Барысы" секілді жобалар соның дәлелі. Осы арқылы қазақ күресіне жұрттың ерекше ықыласы ауып, сүйіспеншілігіне бөленді. "Болашақ Барысы" турнирі осындай тың жобалардың жалғасы болып отыр.

Последние альбомы

Қазақстан Барысы
02.07.2021 16:16
Қазақстан Барысы
08.06.2021 07:30