Календарь

БАҚ назарына! "Еуразия Барысына" тіркелу жалғасуда!

Еуразия Барысы
27-11-2016 09:13
«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры қазақ күресінен «Еуразия Барысы» IV халықаралық турниріне БАҚ өкілдерін тіркеуді жалғастыруда.

Тіркеуден өту үшін:

  1. www.kazakhstanbarysy.kz cайтында "Тіркелу ЕБ2016" бөлімін ашыңыз. 

  2. Сауалнаманы толтырыңыз

  3. Фотосуретіңізді жүктеңіз. Назар аударыңыз! Тек қана бір 3 х 4 см құжаттағыдай фото жүктелу керек, форматы .jpg болуы тиіс!

  4. Сауалнаманы өткізіңіз.Дұрыс толтырып жіберілсе, «Тіркелгеніңіз үшін рақмет!» деген жазу шығарылады.


БАҚ өкілдерінің тіркелу мерзімі: 2016 жылдың 29 қарашасына дейін.


Тіркелгеніңіз электронды хат жіберу арқылы расталады.

Жеке бейджіңізді турнир алдындағы баспасөз мәслихатынан ала аласыз. Жиын 30 қараша 11:00-де "Айсер" қонақ үйінің "Қазыбек би" залында өтеді (Сәтпаев көш. Байтұрсынов көш. қиылысы). Тел.: +7 (701) 880 08 84 е-mail: kazbarysy@mail.ru


Аккредитацияны беру туралы шешім баспасөзге бөлінген орындарға, сондай-ақ түскен өтінімдердің нақты санына қарай қабылданады.

Тіркеуден өткен барлық БАҚ өкілдеріне турнирге өтуге рұқсат беретін иесі жазылған және суреті бар бэйдж беріледі. Иесі жазылған бэйджді басқа біреуге беруге болмайды.

«Еуразия Барысы» турнирі кезінде (1 желтоқсан) тек басқа қаладан келген және шетелдік журналистерге ғана бэйдждер берілетінін естеріңізге саламыз.


«Еуразия Барысы» турнирі 1 желтоқсан күні сағат 12:00-денАлматы қаласының «Алматы Арена» спорт кешенінде өткізіледі.

Қосымша ақпарат www.KazakhstanBarysy.kz сайтында.

Бізді әлеуметтік желілерден табыңыз:

  • Facebook.com/KazakhstanBarysy

  • Instagram.com/Kazakhstan_Barysy

  • VK.com/KazakhstanBarysyKZ

#ЕуразияБарысы #ЕБ2016 


Последние новости

Еуразия Барысы
22-11-2016 10:00
Еуразия Барысы
23-11-2016 17:45
Еуразия Барысы
24-11-2016 13:40