Календарь

Жамбыл, Қарағанды облысында, Астана қаласында іріктеулер өтті

KAZAKHSTAN BARYSY
28-04-2021 15:00
"Қазақстан Барысы" республикалық турниріне іріктеу кезеңі нағыз қызған шағында. Ауыл мен аудандардан іріктеліп келген балуандар, облыс орталықтарында жолдаманы сарапқа салуда. 
Осылайша, Таразда өткен Жамбыл облысының іріктеуінде былтырғы "Қазақстан Барысы" турнирінің қола жүлдегері Айбол Айтбек жеңіске жетті. Айтбек финалға шыққан Абай Ерболұлы екеуі Әулиеата жерінен басты додаға қатысады. 
Елордадағы "Астана Қыраны" турнирінің ақтық ақтық белдесуінде Мұрат Кентонов және Дарxан Бижанов күресті. Қос спортшы да 2 шілде күні өтетін басты дода жолдамасына ие болды. Ал, аймақтық іріктеудің финалында Бижанов таза жеңіске жетті. 
Қарағанды облысының іріктеу жарысы да өз мәресіне жетті. "Қазақстан Барысы 2017" турнирінe Сарыарқа өңірінен Ержан Шынкеев және Асыл Барменов қатысады.



Последние новости