Шараға қатысушылардың барлығы анкетаны толтыруға міндетті (Балуандар, бапкерлер, судьялар, ұйымдастырушылар, техникалық қызмет көрсетушілер тобы, БАҚ өкілдері, бағдарламаға қатысушылар, қызмет көрсетуші персоналдар).
Осының негізінде рұқсат қағазы мен бейджиктер дайындалады. Барлық мәліметтер қауіпсіздік қызметі тарапынан тексеріледі. Анкетаны толтыру арқылы сіздер өздеріңізге қатысты ақпараттардың нақтылығына байланысты жауапкершілік жүктейсіздер. Ұйымдастырушылар себебін түсіндірместен бейджиктерді беруден бас тартуға құқылы.