Календарь

Жанарбек Рамазанұлы Атығаев

«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының атқарушы директоры.

1975 жылы 27 мамырда Ақмола облысы Көкшетау қаласында туылған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін (1997 ж.), «Фемида» Қарағанды заң академиясын (2007ж.) бітірген. Агроөнеркәсіп кешенінің инженер-экономисі, заң ғылымының бакалавры.
Жанарбек Рамазанұлының басқарушы, бас есепші, мекеме басшысы қызметтері бойынша тәжірибесі бар.
Қор құрылған алғаш күндерден бастап ерікті кеңесші ретінде қолдау көрсетті, ал 2014 жылы атқарушы директор қызметіне шақырылды.
Үйленген, екі баласы бар.